Ескерту. Тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша "санатының" сөзі "санаттарының" сөзімен ауыстырылды - Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 20.10.2023 № 8С-9/1 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-9-тармағына, "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-1-бабының 2-тармағына сәйкес, Бурабай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Бурабай ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері және алушылар санаттарының тізбесі осы шешімнің 1, 2-қосымшаларына сәйкес анықталсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Бурабай аудандық мәслихаттың хатшысы |
М.Нурпанова |
Бурабай аудандық мәслихатының 2022 жылғы 26 желтоқсандағы № 7С-32/4 шешіміне 1-қосымша |
Бурабай ауданы бойынша тұрғын үй сертификатының мөлшері
1. Қарыз сомасынан 10 %, алайда әлеуметтік көмек түрі ретінде 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңгеден артық емес.
2. Қарыз сомасынан 10 %, алайда әлеуметтік қолдау түрі ретінде 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңгеден артық емес.
Бурабай аудандық мәслихатының 2022 жылғы 26 желтоқсандағы № 7С-32/4 шешіміне 2-қосымша |
Бурабай ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаттарының тізбесі
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 20.10.2023 № 8С-9/1 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
№ | Атауы |
1 | Мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар |
2 | "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар |
3 | Бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдар |
4 | Кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар жатады. Мұндай адамдардың жасы әскери қызметке шақырылған кезде мерзiмдi әскери қызметтен өту мерзiмiне ұзартылады |