Бурабай ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санаттарының тізбесін анықтау туралы

Жаңартылған

Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 2022 жылғы 26 желтоқсандағы № 7С-32/4 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 4 қаңтарда № 31531 болып тіркелді.

      Ескерту. Тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша "санатының" сөзі "санаттарының" сөзімен ауыстырылды - Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 20.10.2023 № 8С-9/1 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-9-тармағына, "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-1-бабының 2-тармағына сәйкес, Бурабай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Бурабай ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері және алушылар санаттарының тізбесі осы шешімнің 1, 2-қосымшаларына сәйкес анықталсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Бурабай аудандық
мәслихаттың хатшысы
М.Нурпанова


  Бурабай аудандық мәслихатының
2022 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 7С-32/4 шешіміне
1-қосымша

Бурабай ауданы бойынша тұрғын үй сертификатының мөлшері

      1. Қарыз сомасынан 10 %, алайда әлеуметтік көмек түрі ретінде 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңгеден артық емес.

      2. Қарыз сомасынан 10 %, алайда әлеуметтік қолдау түрі ретінде 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңгеден артық емес.


  Бурабай аудандық мәслихатының
2022 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 7С-32/4 шешіміне
2-қосымша

Бурабай ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаттарының тізбесі

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 20.10.2023 № 8С-9/1 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

Атауы

1

Мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар

2

"Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар

3

Бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдар

4

Кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар жатады. Мұндай адамдардың жасы әскери қызметке шақырылған кезде мерзiмдi әскери қызметтен өту мерзiмiне ұзартылады


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады