Бурабай аудандық мәслихатының 2022 жылғы 26 желтоқсандағы № 7С-32/4 "Бурабай ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санатының тізбесін анықтау туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 2023 жылғы 20 қазандағы № 8С-9/1 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 24 қазанда № 8637-03 болып тіркелді

      Бурабай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Бурабай аудандық мәслихатының "Бурабай ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санатының тізбесін анықтау туралы" 2022 жылғы 26 желтоқсандағы № 7С-32/4 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31531 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      шешімнің тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша "санатының" сөзі тиісінше "санаттарының" сөзімен ауыстырылсын;

      көрсетілген шешімнің 2-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Бурабай аудандық мәслихатының төрағасы М.Нурпанова

  Бурабай аудандық
мәслихатының
2023 жылғы 20 қазандағы
№ 8С-9/1 шешіміне
қосымша
  Бурабай аудандық
мәслихатының
2022 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 7С-32/4 шешіміне
2-қосымша

Бурабай ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаттарының тізбесі

Атауы

1

Мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар

2

"Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар

3

Бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдар

4

Кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар жатады. Мұндай адамдардың жасы әскери қызметке шақырылған кезде мерзiмдi әскери қызметтен өту мерзiмiне ұзартылады


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады