Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес, Әйтеке би аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес, Әйтеке би аудандық маслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Әйтеке би аудандық мәслихатының хатшысы |
Е. Тансыкбаев |
Әйтеке би аудандық мәслихаттың 2022 жылғы 29 наурыздағы № 170 шешіміне қосымша |
Әйтеке би аудандық мәсихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. Әйтеке би аудандық мәслихатының "Әйтеке би ауданында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін арттыру туралы" 2018 жылғы 2 наурыздағы № 194 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-2-143 болып тіркелген).
2. Әйтеке би аудандық мәслихатының "Аудандық маслихатының 2018 жылғы 2 наурыздағы № 194 "Әйтеке би ауданында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін арттыру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2018 жылғы 20 желтоқсандағы № 244 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-2-172 болып тіркелген).
3. Әйтеке би аудандық мәслихатының "Аудандық маслихатының 2018 жылғы 2 наурыздағы № 194 "Әйтеке би ауданында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін арттыру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2019 жылғы 10 желтоқсандағы № 340 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6556 болып тіркелген).