Аудандық маслихатының 2018 жылғы 2 наурыздағы № 194 "Әйтеке би ауданында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін арттыру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық мәслихатының 2018 жылғы 20 желтоқсандағы № 244 шешімі. Ақтөбе облысы Әділет департаментінің Әйтеке би аудандық Әділет басқармасында 2018 жылғы 21 желтоқсанда № 3-2-172 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық мәслихатының 2022 жылғы 29 наурыздағы № 170 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық мәслихатының 29.03.2022 № 170 шешімімен (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 50 бабына сәйкес, Әйтеке би аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Аудандық мәслихатының 2018 жылғы 2 наурыздағы № 194 "Әйтеке би ауданында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін арттыру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-2-143 тіркелген, 2018 жылғы 30 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің кіріспесінде:

      "және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына" деген сөздер алып тасталсын.

      2. "Әйтеке би аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді Әйтеке би ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешімді мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы шешімді Әйтеке би ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әйтеке би аудандық
мәслихатының сессия төрағасы
Б.Д. Сейлханов
      Әйтеке би аудандық
мәслихатының хатшысы
Е.Б. Таңсықбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады