Әйтеке би аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық мәслихатының 2022 жылғы 29 наурыздағы № 170 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 31 наурызда № 27329 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес, Әйтеке би аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес, Әйтеке би аудандық маслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешім 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Әйтеке би аудандық
мәслихатының хатшысы
Е. Тансыкбаев

  Әйтеке би аудандық
мәслихаттың 2022 жылғы 29 наурыздағы № 170 шешіміне
қосымша

Әйтеке би аудандық мәсихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. Әйтеке би аудандық мәслихатының "Әйтеке би ауданында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін арттыру туралы" 2018 жылғы 2 наурыздағы № 194 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-2-143 болып тіркелген).

      2. Әйтеке би аудандық мәслихатының "Аудандық маслихатының 2018 жылғы 2 наурыздағы № 194 "Әйтеке би ауданында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін арттыру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2018 жылғы 20 желтоқсандағы № 244 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-2-172 болып тіркелген).

      3. Әйтеке би аудандық мәслихатының "Аудандық маслихатының 2018 жылғы 2 наурыздағы № 194 "Әйтеке би ауданында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін арттыру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2019 жылғы 10 желтоқсандағы № 340 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6556 болып тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады