Аудандық маслихатының 2018 жылғы 2 наурыздағы № 194 "Әйтеке би ауданында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін арттыру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық мәслихатының 2019 жылғы 10 желтоқсандағы № 340 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 18 желтоқсанда № 6556 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық мәслихатының 2022 жылғы 29 наурыздағы № 170 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық мәслихатының 29.03.2022 № 170 шешімімен (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. 01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі - осы шешімнің 3 тармағымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 50 бабына сәйкес, Әйтеке би аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Аудандық мәслихатының 2018 жылғы 2 наурыздағы № 194 "Әйтеке би ауданында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін арттыру туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-2-143 тіркелген, 2018 жылғы 30 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:

      жоғарыда көрсетілген шешімнің тақырыбы мынадай жаңа редакцияда жазылсын:

      "Әйтеке би ауданында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін арттыру туралы";

      кіріспеде ", 704 бабының 3 тармағына" деген сөздер алып тасталсын;

      1 тармақ мынадай жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Әйтеке би ауданында Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелері он есеге арттырылсын.".

      2. "Әйтеке би аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін, Әйтеке би ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Әйтеке би аудандық
мәслихатының сессия төрағасы
Б. Сейлханов
      Әйтеке би аудандық
мәслихатының хатшысы
Е. Тансыкбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады