Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қобда ауданы Сөгәлі ауылдық округі әкімінің 14.10.2022 № 7 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабының 7) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қобда аудандық аумақтық инспекция басшысының 2022 жылғы 12 тамыздағы № 2-11-3/199 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:
1. Ірі қара малдың вирустық диарея ауруының анықталуына байланысты Ақтөбе облысы Қобда ауданы Сөгәлі ауылдық округінің Көк үй ауылы аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. "Ақтөбе облысы Қобда ауданы Сөгәлі ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы шешім Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін Қобда ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін;
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
А. Акылбеков |