Ақтөбе облысы Қобда ауданы Сөгәлі ауылдық округінің Көк үй ауылы аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Қобда ауданы Сөгәлі ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 25 тамыздағы № 6 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 1 қыркүйекте № 29365 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қобда ауданы Сөгәлі ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 14 қазандағы № 7 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қобда ауданы Сөгәлі ауылдық округі әкімінің 14.10.2022 № 7 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабының 7) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қобда аудандық аумақтық инспекция басшысының 2022 жылғы 12 тамыздағы № 2-11-3/199 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:

      1. Ірі қара малдың вирустық диарея ауруының анықталуына байланысты Ақтөбе облысы Қобда ауданы Сөгәлі ауылдық округінің Көк үй ауылы аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. "Ақтөбе облысы Қобда ауданы Сөгәлі ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешім Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін Қобда ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін;

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      А. Акылбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады