"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 1-тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қобда аудандық аумақтық инспекциясының басшысының 2022 жылғы 7 қазандағы № 2-11-3/260 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:
1. Ірі қара мал арасында вирустық диарея ауруын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешенін жүргізуге байланысты Ақтөбе облысы Қобда ауданы Сөгәлі ауылдық округінің Көк үй ауылының аумағында белгіленген шектеу іс-шаралары алынып тасталсын.
2. Ақтөбе облысы Қобда ауданы Сөгәлі ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 25 тамыздағы № 6 "Ақтөбе облысы Қобда ауданы Сөгәлі ауылдық округінің Көк үй ауылы аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29365 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. "Ақтөбе облысы Қобда ауданы Сөгәлі ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпке қамтамасыз етсін:
1) осы шешім Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімді ресми жариялағанынан кейін Қобда ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Сөгәлі ауылдық округінің әкімі | А. Акылбеков |