Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабы 1-тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабы 8) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қобда аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының міндетін атқарушы 2021 жылғы 28 желтоқсандағы № 2-11-3/276 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:
1. Ақтөбе облысы Қобда ауданы Терісаққан ауылдық округінің Терісаққан ауылының Абай Құнанбаев, Жағалау, Желтоқсан көшелері аумағында мүйізді ірі қара малдар арасында бруцеллез ауруын жою бойынша ветеринариялық іс-шараларының кешенінің аяқталуына байланысты шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Ақтөбе облысы Қобда ауданы Терісаққан ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 4 наурыздағы "Терісаққан ауылдық округі Терісаққан ауылының Абай Құнанбаев, Жағалау, Желтоқсан көшелері аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" № 11 шешімнің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8078 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. "Ақтөбе облысы Қобда ауданы Терісаққан ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешім Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімді ресми жариялағанынан кейін Қобда ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін;
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Терісаққан ауылдық округінің әкімі | А. Клютов |