Шектеу іс-шараларын тоқтату және Ақтөбе облысы Қобда ауданы Терісаққан ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 4 наурыздағы № 11 "Терісаққан ауылдық округі Терісаққан ауылының Абай Құнанбаев, Жағалау, Желтоқсан көшелері аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімнің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Қобда ауданы Терісаққан ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 20 қаңтарда № 2 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 21 қаңтарда № 26596 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабы 1-тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабы 8) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қобда аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының міндетін атқарушы 2021 жылғы 28 желтоқсандағы № 2-11-3/276 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:

      1. Ақтөбе облысы Қобда ауданы Терісаққан ауылдық округінің Терісаққан ауылының Абай Құнанбаев, Жағалау, Желтоқсан көшелері аумағында мүйізді ірі қара малдар арасында бруцеллез ауруын жою бойынша ветеринариялық іс-шараларының кешенінің аяқталуына байланысты шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Ақтөбе облысы Қобда ауданы Терісаққан ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 4 наурыздағы "Терісаққан ауылдық округі Терісаққан ауылының Абай Құнанбаев, Жағалау, Желтоқсан көшелері аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" № 11 шешімнің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8078 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. "Ақтөбе облысы Қобда ауданы Терісаққан ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешім Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімді ресми жариялағанынан кейін Қобда ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін;

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Терісаққан ауылдық округінің әкімі А. Клютов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады