Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қобда ауданы Терісаққан ауылдық округі әкімінің 20.01.2022 № 2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің Қобда аудандық аумақтық инспекция басшысының 2021 жылғы 8 ақпандағы № 2-11-3/32 ұсынысы негізінде, Терісаққан ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мүйізді ірі қара малдарының арасында бруцеллез ауруының анықталуына байланысты, Терісаққан ауылдық округі Терісаққан ауылының Абай Құнанбаев, Жағалау, Желтоқсан көшелері аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. "Ақтөбе облысы Қобда ауданы Терісаққан ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді Ақтөбе облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін, Қобда ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Терісаққан ауылдық округінің әкімі | А. Клютов |