Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабының 8-тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабының 1-тармағына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Мәртөк аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2022 жылғы 13 қазандағы № 2-11-3/831 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:
1. Жайсаң ауылдық округінің Кокпекті елді мекені аумағында ірі қара малдары арасында бруцеллез ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар жүргізілуіне байланысты белгіленген шектеу іс-шаралары алынсын.
2. Жайсаң ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 21 шілдедегі № 5 "Жайсаң ауылдық округінің Кокпекті елді мекені аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23679 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Жайсаң ауылдық округінің әкімі |
Б. Коптлеуов |