Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Жайсаң ауылдық округі әкімінің 14.11.2022 № 10 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Мәртөк аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 18 мамырдағы № 02-12-3/474 ұсынысының негізінде ШЕШТІМ:
1. Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Жайсаң ауылдық округінің Кокпекті елді мекені аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. "Мәртөк ауданының Жайсаң ауылдық округі әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Мәртөк ауданы әкімдігінің интернет ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешiм оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Жайсаң ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы |
Б. Коптлеуов |