Шектеу іс-шараларын алу және Жайсаң ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 21 шілдедегі № 5 "Жайсаң ауылдық округінің Кокпекті елді мекені аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Жайсаң ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 14 қарашадағы № 10 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 18 қарашада № 30615 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабының 8-тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабының 1-тармағына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Мәртөк аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2022 жылғы 13 қазандағы № 2-11-3/831 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:

      1. Жайсаң ауылдық округінің Кокпекті елді мекені аумағында ірі қара малдары арасында бруцеллез ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар жүргізілуіне байланысты белгіленген шектеу іс-шаралары алынсын.

      2. Жайсаң ауылдық округі әкімінің 2021 жылғы 21 шілдедегі № 5 "Жайсаң ауылдық округінің Кокпекті елді мекені аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23679 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Жайсаң ауылдық
округінің әкімі
Б. Коптлеуов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады