Ескерту. Шешімнің тақырыбы қазақ тілінде жаңа редакцияда, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді - Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 27.10.2023 № 111 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының Экология Кодексінің 365-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Шалқар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Ескерту. Кіріспе қазақ тілінде жаңа редакцияда, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді - Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 27.10.2023 № 111 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).1. Шалқар ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Ескерту. 1 тармақ қазақ тілінде жаңа редакцияда, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді - Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 27.10.2023 № 111 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шалқар аудандық мәслихатының хатшысы |
С. Бигеев |
Шалқар аудандық мәслихатының 2022 жылғы 17 қарашадағы № 323 шешіміне қосымша |
Шалқар ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер
Ескерту. Қосымша қазақ тілінде жаңа редакцияда, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді - Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 27.10.2023 № 111 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Атауы | Есептік бірлік | Теңге (Қосылған құн салығысыз) |
Жайлы үйлер | 1 тұрғын айына | 105,00 |
Жайлы емес үйлер | 1 тұрғын айына | 128,62 |
Жылдық тариф бірлігіне (көлеміне) | 1 м3 | 787,48 |