Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Шымкент қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 20 желтоқсандағы № 978 "Шымкент қаласында жолаушыларды әлеуметтік маңызы бар тұрақты тасымалдауға тариф белгілеу туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 81 болып тіркелген) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулының сол жақ төменгі бұрышы мынадай мазмұндағы келісу белгісімен толықтырылсын:
""КЕЛІСІЛДІ"
Шымкент қаласының мәслихаты".
2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Шымкент қаласының әкімі | М. Айтенов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Шымкент қаласының мәслихаты