Шымкент қаласында жолаушыларды әлеуметтік мәні бар тұрақты тасымалдау тарифін белгілеу туралы

Жаңартылған

Шымкент қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 20 желтоқсандағы № 978 қаулысы. Шымкент қаласының Әділет департаментінде 2019 жылғы 30 желтоқсанда № 81 болып тіркелді

      "Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 19 бабының 4 және 5 тармақтарына сәйкес, Шымкент қаласы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Шымкент қаласында жолаушыларды әлеуметтік мәні бар тұрақты тасымалдау тарифі 70 теңге көлемінде белгіленсін.

      2. "Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулыны Шымкент қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін ресми жариялау үшін Шымкент қаласында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарына жіберуді;

      3) осы қаулыны оны ресми жарияланғаннан кейін Шымкент қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Б. Пармановқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      қала әкімі Е. Айтаханов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Шымкент қаласының мәслихаты

      Ескерту. Сол жақ төменгі бұрышы келісу белгісімен толықтырылды – Шымкент қаласы әкімдігінің 16.08.2022 № 1580 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады