Шымкент қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Шымкент қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 30 желтоқсандағы № 6883 қаулысы. Шымкент қаласының Әділет департаментінде 2024 жылғы 31 желтоқсанда № 227-17 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Шымкент қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      2. "Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Шымкент қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Шымкент қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Шымкент қаласының әкімі Г. Сыздыкбеков

  Шымкент қаласы
әкімдігінің
2024 жылғы 30
желтоқсандағы
№ 6883
  Шымкент қаласы
әкімдігінің
"___" _________2024
жылғы №_____қаулысына
қосымша

Шымкент қаласы әкімдігінің күші жойылды деп танылған кейбір қаулыларының тізбесі

      1) "Шымкент қаласында жолаушыларды әлеуметтік мәні бар тұрақты тасымалдау тарифін белгілеу туралы" Шымкент қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 20 желтоқсандағы № 978 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 81 болып тіркелген);

      2) "Шымкент қаласының аумағында жолаушылар мен багажды қалалық қатынастарда автомобильмен тұрақты тасымалдауға сараланатын тарифті белгілеу туралы" Шымкент қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 27 қазандағы № 650 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 137 болып тіркелген);

      3) "Шымкент қаласында жолаушыларды әлеуметтік мәні бар тұрақты тасымалдау тарифін белгілеу туралы" 2019 жылғы 20 желтоқсандағы № 978 қаулысына толықтыру енгізу туралы" Шымкент қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 16 тамыздағы № 1580 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29148 болып тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады