Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 2-2 тармағына сәйкес, Абай облысы мәслихаты ШЕШТІ:
1. Абай облысының елді мекендерінде ауыл шаруашылығы жануарларын асырау қағидалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Абай облысы мәслихатының хатшысы | К. Сулейменов |
2022 жылғы 18 қарашадағы № 10/54-VII шешіміне қосымша |
Абай облысының елді мекендерінде ауыл шаруашылығы жануарларын асырау қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Абай облысының елді мекендерінде ауыл шаруашылығы жануарларын асырау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 2-2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 16-02/701 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10183 болып тіркелген) Жануарларға қарау қағидаларына, Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленді және облыс елді мекендерінде ауыл шаруашылығы жануарларын ұстау тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидалар меншік нысанына қарамастан ауыл шаруашылығы жануарларын асырайтын барлық жеке және заңды тұлғаларға қолданылады.
3. Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) ауыл шаруашылығы жануарлары – адам өсiретiн, ауыл шаруашылығы өндiрiсiне тiкелей қатысы бар малдардың, құстардың, балықтардың және бал араларының барлық түрi;
2) ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiру – ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорға ауыл шаруашылығы жануары туралы мәлiметтердi енгiзе отырып және ветеринариялық паспортты бере отырып, бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарды (құралдарды) пайдалану, таңбалау арқылы жануарларға жеке нөмiр берудi қамтитын, жануарларды есепке алу рәсiмi;
3) ветеринариялық паспорт – электрондық құжат түрінде берілетін, уәкілетті орган белгілеген нысандағы құжат, онда: жануарларды есепке алу мақсатында жануардың иесі, түрі, жынысы, түсі, жасы (тyған күні), жеке нөмірі көрсетіледі;
4) ветеринариялық іс-шаралар – жануарлар ауруларының профилактикасын, оларды емдеуді немесе диагностикасын қоса алғанда, олардың пайда болуын, таралуын болғызбауға немесе оларды жоюға; жануарлар мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін аса қауіпті аурулар жұқтырған жануарларды залалсыздандыруға (зарарсыздандыруға), алып қоюға және жоюға; жануарлардың өнімділігін арттыруға; жануарлар мен адамның денсаулығын жұқпалы, оның ішінде жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау мақсатында, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді қоса алғанда, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың, жемшөп және жемшөп қоспаларының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған эпизоотияға қарсы, ветеринариялық-санитариялық рәсімдер кешені.
2-тарау. Ауыл шаруашылығы жануарларын асырау тәртібі
4. Ауыл шаруашылығы жануарларын асыраған кезде иелеріне:
1) жануарлар ауруларының алдын алуды және орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің (жануарлар, жануарлардан алынатын өнiм мен шикiзат) қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 7-1/587 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11940 болып тіркелген) Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларды (бұдан әрі – ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидалар) сақтай отырып, ветеринариялық iс-шараларды жүзеге асыруға жануарларды кедергісіз беру;
2) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 7-1/68 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11127 болып тіркелген) Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру қағидаларының талаптарына сәйкес ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді қамтамасыз ету;
3) жергілікті атқарушы органдардың ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшелеріне, жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттiк ветеринариялық ұйымдарға, мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау органдарына:
жаңадан сатып алынған жануар (жануарлар), алынған төл, оның (олардың) сойылғаны мен өткізілгені;
жануарлар қырылған, бiрнеше жануар бiр мезгiлде ауырған немесе олар әдеттен тыс мiнез көрсеткен жағдайлар туралы хабарлау және ауру деп күдiк келтiрiлген кезде, ветеринария саласындағы мамандар, мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторлар келгенге дейiн жануарларды оқшаулап ұстау жөнінде шаралар қолдану;
4) аумақты, мал шаруашылығы қора-жайларын, сондай-ақ жемшөптi, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты сақтауға және өңдеуге арналған ғимараттарды ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидалар талаптарына сәйкес ұстау;
5) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 27 қарашадағы № 7-1/619 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10028 болып тіркелген) Дезинфекция, дезинсекция, дератизация жүргізу қағидаларының талаптарына сәйкес жануарларды ұстауға арналған үй-жайларды қоса алғанда, қолайлы аймақта орналасқан өндіріс объектілерінде профилактикалық дезинфекцияны жылына екі рет жүргізу;
6) ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздік мақсатында жануарларға уақтылы вакцина егуді және диагностиканы қамтамасыз ету;
7) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау нәтижелері бойынша шығарылған ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың актілерін орындау;
8) союдың алдында ветеринариялық тексеру жүргiзбей жануарларды өткiзу үшiн сою және сойғаннан кейiн ұшалары мен мүшелерiне ветеринариялық-санитариялық сараптама жасамай өткiзуге жол бермеу;
9) кейiннен өткiзуге арналған ауыл шаруашылығы жануарларын ет өңдейтiн кәсiпорындарда, сою пункттерiнде немесе сою алаңдарында (ауыл шаруашылығы жануарларын сою алаңдарында) союды жүзеге асыру;
10) ветеринария саласындағы мамандардың ветеринариялық іс-шаралар өткізу бойынша қызметтiк мiндеттерiн орындауы кезінде оларға жәрдем көрсету;
11) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 7-1/700 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10223 болып тіркелген) Жануарларды карантиндеу қағидаларының талаптарына сәйкес диагностикалық зерттеулер мен ветеринариялық дауалау жүргізу мақсатында жаңадан келіп түскен, әкелінген, сатып алынған жануарларды оқшаулап ұстау;
12) жануарлардың түріне, жасына және физиологиясына сәйкес денсаулығына, әл-ауқатына қарай пайдалану және қамқорлық көрсету;
13) ауыл шаруашылығы жануарларын асырауды, өсiруді және пайдалануды ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларға сәйкес жүзеге асыру қажет.
5. Ауыл шаруашылығы жануарларына бруцеллезге қарсы вакцинация жүргізілген жағдайда бруцеллезге қарсы вакциналар сатып алу және оларды пайдалану жануарлар иесінің есебінен ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларының 99-тарауына сәйкес жүзеге асырылады.
6. Жануарларды асырау қызметі процесінде пайда болатын биологиялық қалдықтарды жою немесе зарарсыздандыру (көң, төсеніш материалдары, жемшөп қалдықтары), зарарсыздандырылған қалдықтарды (ветеринариялық конфискаттар, жануарларды сойғаннан қалған қалдықтар) мал көміндісіне (биотермиялық шұңқырға) тастау, жемшөптік мақсаттарға кәдеге жарату немесе жағу арқылы кәдеге жарату жолымен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 сәуірдегі №16-07/307 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11003 болып тіркелген) Биологиялық қалдықтарды кәдеге жарату, жою қағидаларына сәйкес жүргізіледі.
7. Ішкі сауда объектілерінде ветеринарлық құжаттар болғанда жануарларды өткізу Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 16-04/679 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10131 болып тіркелген) Жануарларды өткізу қағидаларының талаптарын ескеріп жүргізіледі.
8. Қараусыз қалған немесе жабайы мал мен басқа да үй немесе қолға үйретілген жануарларды бағу және пайдалану, оларды иесіне қайтару Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 246-бабымен айқындалады.