Ескерту. Күші жойылды - Абай облысы Үржар аудандық мәслихатының 26.04.2023 № 2-32/VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Үржар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Үржар аудандық мәслихатының "Үржар ауданы бойынша тұратын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы" 2020 жылғы 23 қыркүйектегі № 54-676/VI шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7623 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
2 тармақтың 2) тармақшасының екінші абзацы келесі редакцияда жазылсын:
"мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар;".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үржар аудандық мәслихатының хатшысы | К. Карашев |