Тараз қаласының кейбір құрамдас бөліктерін қайта атау туралы

Жаңа

Жамбыл облысы әкімдігінің 2022 жылғы 29 шілдедегі № 164 бірлескен қаулысы және Жамбыл облыстық мәслихатының 2022 жылғы 29 шілдедегі № 19-3 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 5 тамызда № 29028 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 11-бабының 4-1) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының 2021 жылғы 7 желтоқсандағы қорытындысы негізінде және Тараз қаласы халқының пікірін ескере отырып, Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Жамбыл облысының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Тараз қаласының келесі құрамдас бөліктері қайта аталсын:

      1) Бауыржан Момышұлы 4-тұйық көшесі Жазылбек Қуанышбаев көшесіне;

      2) Жазылбек Қуанышбаев көшесі Мұстафа Шоқай көшесіне;

      3) Дальняя көшесі Ақ жол көшесіне;

      4) Дальняя тұйық көшесі Ақ жол тұйық көшесіне;

      5) Надежда Крупская көшесі Мәңгілік Ел көшесіне;

      6) Надежда Крупская 1-тұйық көшесі Мәңгілік Ел 1- тұйық көшесіне;

      7) Надежда Крупская 2-тұйық көшесі Мәңгілік Ел 2- тұйық көшесіне;

      8) Надежда Крупская 3-тұйық көшесі Мәңгілік Ел 3- тұйық көшесіне.

      2. Осы бірлескен Жамбыл облысы әкімдігінің қаулысы және Жамбыл облыстық мәслихаттың шешімі олардың алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жамбыл облысының
      әкімі Н. Нуржигитов
      Жамбыл облыстық
      мәслихатының хатшысы М. Сарыбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады