Қарағанды облысы әкімдігінің 2019 жылғы 4 қыркүйектегі № 52/01 "Қарағанды облысы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың қағидаларын бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қарағанды облысының әкімдігінің 2022 жылғы 13 қыркүйектегі № 59/01 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 19 қыркүйекте № 29684 болып тіркелді

      Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қарағанды облысы әкімдігінің 2019 жылғы 4 қыркүйектегі № 52/01 "Қарағанды облысы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5452 болып тіркелген) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қарағанды облысы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың қағидалары осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қарағанды облысының әкімі Ж. Қасымбек

  Қарағанды облысы
әкімдігінің
2022 жылғы 13
қыркүйектегі
№ 59/01
қаулысына қосымша
  Қарағанды облысы әкімдігінің
2019 жылғы 4 қыркүйектегі
№52/01 қаулысымен
бекітілген

Қарағанды облысы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қарағанды облысы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) және "Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 29 шілдедегі №280 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19123 болып тіркелді) сәйкес әзірленген және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың тәртiбiн айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) азық-түлiк тауарларының өңірлік тұрақтандыру қоры – облыс аумағында аграрлық азық-түлік нарығына реттеушілік әсер ету және азық-түлiк қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн құрылған азық-түлiк тауарларының жедел қоры;

      2) азық-түлiк тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорын жаңарту - азық-түлік тауарларының сақталу мерзімі аяқталғанға дейін оларды өткізу немесе жаңа сақталу мерзімімен немесе келесі жылдың жаңа егінінен дәл сондай көлемдегі азық-түлік тауарларын кейін жеткізе отырып, азық-түлік тауарларының сақталу мерзімі аяқталғанға дейін оларды қайтару;

      3) азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорын пайдалану – тауар интервенцияларын жүргізу және азық-түлiк тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорын жаңарту мақсатында азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорынан азық-түлік тауарларын өткізу;

      4) азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорын қалыптастыру - сатып алу интервенциялары, азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорына азық-түлік тауарларын орналастыру және сақтау;

      5) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары - тізбесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілетін, олардың есебінен адамның физиологиялық қажеттіліктері қанағаттандырылатын азық-түлік тауарлары;

      6) кәсіпкерлік субъектілері - кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын азаматтар, қандастар және мемлекеттік емес коммерциялық заңды тұлғалар (жеке кәсіпкерлік субъектілері), мемлекеттік кәсіпорындар (мемлекеттік кәсіпкерлік субъектілері);

      7) мамандандырылған ұйым - әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті бағаларды белгілеу жөніндегі шараларды қоспағанда, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыратын, тізбесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 9 қазандағы № 1279 қаулысымен бекітілген, ұйым;

      8) офтейк-келісімшарт – құны, саны (көлемі) және беру мерзімдері бойынша алдын ала келісілген талаптармен өнім беруші болашақта өндіруді және оны беруді қамтамасыз етуді жоспарлап отырған тауарды беруге тапсырыс беруші мен өнім беруші арасында жасалған шарт;

      9) сатып алу интервенциялары – облыс аумағында бағалар төмендеген кезде және/немесе Қазақстан Республикасының аумағында төтенше жағдай енгізілгенде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің тапсырмалары шеңберінде мамандандырылған ұйымдардың азық-түлік тауарларын сатып алу жөніндегі іс-шаралар;

      10) сауда объектiсi – тауарларды сату кезiнде тауарларды қоюға, көрсетуге, сатып алушыларға қызмет көрсетуге және сатып алушылармен ақшалай есеп айырысу жүргізуге арналған және сол үшін пайдаланылатын жабдықпен арнайы жарақтандырылған ғимарат немесе ғимараттың бiр бөлiгi, құрылысжай немесе құрылысжайдың бiр бөлiгi, сауда базары, автоматтандырылған құрылғы немесе көлiк құралы;

      11) тауар интервенциялары - бағалар өскен кезде ішкі нарықты тұрақтандыру мақсатында жүзеге асырылатын, азық-түлiк тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларынан ішкі нарықта азық-түлік тауарларын өткізу жөніндегі іс-шаралар;

      12) шекті сауда үстемесі – ішкі сауда субъектілерінің түпкілікті тұтынушыларға азық-түлік тауарларын өткізуі кезінде бағаны айқындау үшін қалыптастырылатын сауда үстемесі.

      3. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерінің тиімді және уақтылы қолданылуын қамтамасыз ету мақсатында облыстың әкімі Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыруды қамтамасыз ету жөніндегі комиссияны (бұдан әрі - Комиссия) құрады және оның құрамын бекітеді.

      4. Комиссия төрағасы облыс әкімінің орынбасары болып табылады, кәсіпкерлік, сауда және ауыл шаруашылығы басқармаларының (бөлімдерінің) қызметкерлері, сондай-ақ жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерінің және қоғамдық ұйымдардың өкілдері комиссия мүшелері болып табылады. Комиссия өз қызметін тұрақты негізде жүзеге асырады.

      5. Комиссияның сандық құрамы тақ болуы және кемінде тоғыз адамнан тұруы тиіс. Бұл ретте комиссия мүшелерінің үштен екісі жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерінің және қоғамдық ұйымдардың өкілдері болуы тиіс. Комиссия хатшысы оның мүшесі болып табылмайды.

      6. Комиссияның құзыретіне мыналар жатады:

      1) Қарағанды облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына тұрақтандыру тетіктерін іске асыру туралы шешім қабылдау;

      2) азық-түлік тауарларының тұрақтандыру қорларын құру және пайдалану тетігін іске асыру мақсатында азық-түлік тауарларының тұрақтандыру қорына сатып алынатын азық-түлік тауарларының тізбесін және олар бойынша шекті сауда үстемесін анықтау;

      3) осы Қағидаларға сәйкес қарыз беру үшін кәсіпкерлік субъектісін анықтау;

      4) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті сауда үстемесін анықтау жөніндегі мамандандырылған ұйымның ұсыныстарын қарау.

      7. Комиссияның құрылуы мен жұмысын ұйымдастыруды Қарағанды облысының әкімдігі қамтамасыз етеді (облыс әкімдігі)

      8. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру үшін облыс әкімдігі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыратын мамандандырылған ұйымдардан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті бағаларды белгілеу жөніндегі шараларды қоспағанда, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру туралы шарт жасасу жолымен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асырады.

      9. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру туралы шарттың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейінгі үш жылдық кезеңге облыс әкімдігі мамандандырылған ұйыммен тұрақтандыру қорының заттай және ақшалай мәндегі өтпелі активтері туралы міндеттемелері көрсетілген қосымша келісім жасасады.

      Тұрақтандыру қоры таратылған жағдайда, мамандандырылған ұйым азық-түлік тауарларын сатып алу үшін пайдаланылған бюджет қаражатының жергілікті бюджетке қайтарылуын қамтамасыз етеді.

      Егер мамандандырылған ұйымның шешімі бойынша азық-түлік тауарларын өткізу сатып алу бағасынан төмен баға бойынша жүзеге асырылса, онда соманың қайтарылуы сатып алу және өткізу бағаларының айырмасын шегере отырып жүзеге асырылады.

      10. Мамандандырылған ұйымның тұрақтандыру қорын пайдалану кезінде туындаған жүкқұжаттары, коммуналдық және өзге де шығыстары азық-түлік тауарларына белгіленген және нарықтық бағалар арасындағы айырма есебінен жыл сайын жабылады.

2-тарау. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру бойынша тетіктерді іске асыру тәртібі

      13. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының нарығын тұрақтандыру мақсатында облыс әкімдігі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандырудың:

      1) тұрақтандыру қорларының қызметі;

      2) кәсіпкерлік субъектілеріне қарыз беру тетіктерін іске асырады.

3-тарау. Азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорлары қызметінің тәртібі

      14. Азық-түлік тауарларының тұрақтандыру қорларының қызметі өңірлік тұрақтандыру қорын қалыптастыру және пайдалану жолымен жүзеге асырылады.

      15. Азық-түлік тауарларының тұрақтандыру қорын қалыптастыру мен пайдалану жөніндегі тетікті іске асыру мақсатында Комиссия сұраныс пен ұсыныстың өңірлік балансының (өндіріс көлемі, азық-түлік тауарларымен қамтамасыз етілуі, олардың тауарларының жылжытылуы, запастардың болуы), егіс алаңдары (жоспарлы), егіннің болжамды шығымы, өткен күнтізбелік жыл ішінде қалыптасқан бағалар туралы мәліметтердің, сондай-ақ өзге де мәліметтер негізінде азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорына сатып алынатын азық-түлік тауарларының тізбесін, сондай-ақ шекті сауда үстемесін айқындайды.

      16. Азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорына сатып алуға қажетті әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесі "Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 1 наурыздағы № 145 қаулысымен бекітілген тізімнен қалыптастырылады.

      17. Мамандандырылған ұйым өткізетін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті сауда үстемесі "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 19-бабының 1-тармағына сәйкес, Статистикалық жұмыстар жоспарына сәйкес тиісті облыстың, мемлекеттік статистика органдары қалыптастыратын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының ресми нарықтық мәндерінен 10 немесе одан да көп пайызға төмен бағаларды ұстап тұру ескеріле отырып қалыптастырылады.

      18. Комиссия Қарағанды облысының әкіміне сатып алынатын азық-түлік тауарларының тізбесін және олар бойынша шекті сауда үстемесін бекіту туралы ұсынымдар енгізеді.

      19. Қарағанды облысының әкімдігі Комиссияның ұсынымы негізінде сатып алынатын азық-түлік тауарларының тізбесін және шекті сауда үстемесін бекітеді.

      20. Өңірлік тұрақтандыру қорын қалыптастыру кезінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сатып алу тікелей өндірушілерден, оның ішінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушіде сақтау мүмкіндігі бар форвардтық шарттар мен офтейк-келісімшарттар жасасу арқылы жүзеге асырылады. Егер өндіруші өнімді өткізуді тікелей жүзеге асырмаған жағдайда, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сатып алу азық-түлік тауарларын өткізуге маманданған көтерме жеткізушілерден (дистрибьютерлерден) жүзеге асырылады.

      21. Өңірлік тұрақтандыру қорларына сатып алынатын азық-түлiк тауарлары "Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тамақ өнімдерін сақтау, тасымалдау және өткізу кезінде оның қауіпсіздігіне қойылатын талаптарға сәйкес болуы тиіс.

      22. Мамандандырылған ұйым статистикалық деректер және басқа да көздер негізінде өңірдің азық-түлік тауарларының ішкі нарығына және агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің нарықтарына тұрақты негізде талдау (өндіріс көлемі және азық-түлік тауарларымен қамтамасыз етілуі, олардың тауарларының жылжытылуы, запастардың, бағалардың болуы) жүргізеді, өңірлік тұрақтандыру қорына сатып алынатын азық-түлік тауарларының көлемін айқындайды және сатып алу интернвенциялары туралы шешімді қабылдайды.

      23. Өңірлік тұрақтандыру қорын пайдалануды тауар интервенцияларын жүргізу және азық-түлік тауарларын жаңарту жолымен мамандандырылған ұйым жүзеге асырады.

      24. Мамандандырылған ұйым аграрлық азық-түлік нарығына реттеушілік ықпал ету қажет баға деңгейінің көтерілуі жағдайында, 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей, тауар интервенцияларын жүргізу туралы шешім қабылдайды.

      25. Мамандандырылған ұйым өңірлік тұрақтандыру қорын уақтылы жаңарту мақсатында тұрақты негізде өңірлік тұрақтандыру қорының азық-түлік тауарларының сақталу мерзімдерін қамтамасыз етеді.

      26. Өңірлік тұрақтандыру қорын жаңарту азық-түлік тауарларының сақталу мерзімі аяқталғанға дейін өңірлік тұрақтандыру қорынан азық-түлік тауарларын өткізу немесе кейін дәл сондай көлемдегі жаңа сақталу мерзімімен немесе келесі жылғы жаңа шығымнан азық-түлік тауарларын жеткізе отырып, азық-түлік тауарларының сақталу мерзімі аяқталғанға дейін азық түлік тауарларын қайтару жолымен жүзеге асырылады.

      27. Өңірлік тұрақтандыру қорының азық-түлік тауарларын тауар интервенциялары, азық-түлік тауарларын жаңарту үшін мамандандырылған ұйымдар өздердерінің өткізу нүктелері және (немесе) азық-түлік тауарларын өткізетін сауда объектілері арқылы, сондай-ақ өңдеу кәсіпорындары шекті сауда үстемесі шегінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндіру үшін өткізуді жүзеге асырады.

      28. Бұл ретте өңдеу кәсіпорны өндірген дайын азық-түлік тауарының бағасы облыс әкімдігімен бекіткен шекті рұқсат етілген бөлшек сауда бағасынан аспайды және мамандандырылған ұйымның өңдеу кәсіпорнымен жасасқан өткізу туралы шартында айтылады.

      29. Облыс әкімдігі мамандандырылған ұйыммен бірлесіп халыққа бұқаралық ақпарат құралдары, облыс әкімдігінің және мамандандырылған ұйымның ресми сайттары арқылы тауар интервенцияларын жүзеге асыратын сауда объектілерінің орналасқан жері туралы ақпаратты жеткізу бойынша ақпараттық жұмыс жүргізеді.

4-тарау. Кәсіпкерлік субъектілеріне қарыз беру тәртібі

      30. Облыс әкімдігі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру мақсатында Комиссия айқындайтын азық-түлік тауарларының тізбесіне сәйкес мамандандырылған ұйымға кейін кәсіпкерлік субъектілеріне беру үшін қарыз береді. Қарыз беру қарыз шартын жасасу жолымен қайтарымдылық, қамтамасыз етілу және ақылылық талаптарымен жүзеге асырылады

      31. Бағаны тұрақтандыру мамандандырылған ұйымның әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына тіркелген төмендетілген бөлшек/көтерме бағаларды белгілеу жолымен қамтамасыз етіледі.

      32. Комиссия қарыз беру үшін кәсіпкерлік субъектісін кәсіпкерлік субъектілеріне қойылатын мынадай талаптарға (критерийлерге) сәйкес айқындайды:

      жұмыс істеп тұрған сауда объектісінің (объектілерінің) меншігінде не жалдау құқығында (қарыз беру кезеңіне қолданылу мерзімімен) немесе жұмыс істеп тұрған бөлшек сауда субъектісімен өнімді жеткізу шартының (шарттарының) болуы (қарыз беру кезеңіне қолданылу мерзімімен);

      арнайы жабдығы бар сақтау инфрақұрылымының меншігінде не жалдау құқығында (қойма құрылыстарының немесе басқа да үй-жайлардың) болуы.

      33. Кәсіпкерлік субъектілерінен өтінімдерді қабылдауды мамандандырылған ұйым жүзеге асырады және Қағидалардың талаптарына сәйкестігін тексергеннен кейін Комиссияның отырысына шығару үшін облыс әкімдігіне жібереді.

      34. Комиссияның хаттамасында әлеуметтік маңызы бар азық - түлік тауарларының тізбесі, бөлшек сауда субъектілері үшін – олар бойынша тіркелген бөлшек сауда бағалары, өндірушілер үшін-босату бағалары, қарыз сомасы және кәсіпкерлік субъектісі көрсетіледі.

      35. Кәсіпкерлік субъектісі мамандандырылған ұйымның қарызды қайтару бойынша міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз етеді. Міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету мынадай түрде беріледі: кепіл және/немесе банктік кепілдендіру және/немесе сақтандыру шарты және/немесе үшінші тұлғалардың кепілдік/кепілгерлігі және/немесе корпоративтік кепілдендіру. Міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жазбаша нысанда рәсімделеді.

      36. Қарыз беру шарттары мамандандырылған ұйым мен кәсіпкерлік субъектісі арасында жасалатын қарыз шартында белгіленеді.

      37. Жергілікті атқарушы органдар бөлетін, оның ішінде азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыруға бұрын бөлінген ақша қаражаты қаржыландыру көзі болып табылады.

      38. Қарыз мерзімі өткен берешекті қайта қаржыландыруға берілмейді.

      39. Қарыз тек ұлттық валютада беріледі.

О внесении изменений в постановление акимата Карагандинской области от 4 сентября 2019 года № 52/01 "Об утверждении Правил реализации механизмов стабилизации цен на социально значимые продовольственные товары по Карагандинской области"

Постановление акимата Карагандинской области от 13 сентября 2022 года № 59/01. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 19 сентября 2022 года № 29684

      Акимат Карагандинской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление акимата Карагандинской области от 4 сентября 2019 года № 52/01 "Об утверждении Правил реализации механизмов стабилизации цен на социально значимые продовольственные товары по Карагандинской области" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 5452) следующее изменение:

      Правила реализации механизмов стабилизации цен на социально значимые продовольственные товары по Карагандинской области, утвержденные указанным постановлением, изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему постановлению.

      2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя акима области.

      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким Карагандинской области Ж. Қасымбек

  Приложение
к постановлению
акимата Карагандинской области
от 13 сентября 2022 года
№ 59/01
  Утверждены
постановлением акимата
Карагандинской области
от "4" сентября 2019 года
№ 52/01

Правила реализации механизмов стабилизации цен на социально значимые продовольственные товары по Карагандинской области

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила реализации механизмов стабилизации цен на социально значимые продовольственные товары по Карагандинской области (далее – Правила) разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан "О государственном регулировании развития агропромышленного комплекса и сельских территорий", Приказом Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 29 июля 2019 года №280 "Об утверждении Типовых правил реализации механизмов стабилизации цен на социально значимые продовольственные товары" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 19123) и определяют порядок реализации механизмов стабилизации цен на социально значимые продовольственные товары.

      2. В настоящих Правилах используются следующие понятия:

      1) региональный стабилизационный фонд продовольственных товаров – оперативный запас продовольственных товаров, созданный для оказания регулирующего воздействия на агропродовольственный рынок и обеспечения продовольственной безопасности на территории Карагандинской области;

      2) освежение регионального стабилизационного фонда продовольственных товаров - реализация продовольственных товаров до истечения сроков их хранения или возврат продовольственных товаров до истечения сроков их хранения поставщику с последующей поставкой такого же объема продовольственных товаров с новым сроком хранения или с нового урожая следующего года;

      3) использование регионального стабилизационного фонда продовольственных товаров – реализация продовольственных товаров из регионального стабилизационного фонда продовольственных товаров с целью проведения товарных интервенций и освежения регионального стабилизационного фонда продовольственных товаров;

      4) формирование регионального стабилизационного фонда продовольственных товаров – закупочные интервенции, размещение и хранение продовольственных товаров в региональном стабилизационном фонде продовольственных товаров;

      5) социально значимые продовольственные товары - продовольственные товары, за счет которых удовлетворяются физиологические потребности человека, перечень которых утверждается постановлением Правительства Республики Казахстан;

      6) субъект предпринимательства – граждане, кандасы и негосударственные коммерческие юридические лица, осуществляющие предпринимательскую деятельность (субъекты частного предпринимательства), государственные предприятия (субъекты государственного предпринимательства);

      7) специализированная организация – организация, реализующая механизмы стабилизации цен на социально значимые продовольственные товары, за исключением мер по установлению предельных цен на социально значимые продовольственные товары, перечень которых утвержден постановлением Правительства Республики Казахстан от 9 октября 2012 года №1279;

      8) офтейк-контракт – договор, заключенный между заказчиком и поставщиком на поставку товара, который поставщик планирует произвести и обеспечить его поставку в будущем, на заранее оговоренных условиях по стоимости, количеству (объему) и срокам поставки;

      9) закупочные интервенции – мероприятия по приобретению специализированными организациями социально значимых продовольственных товаров при снижении цен на территории областей, городов республиканского значения, столицы, введении чрезвычайного положения на территории Республики Казахстан, а также в рамках поручений Президента Республики Казахстан, Правительства Республики Казахстан или Премьер-Министра Республики Казахстан;

      10) торговый объект – здание или часть здания, сооружение или часть сооружения, торговый рынок, автоматизированное устройство или транспортное средство, специально оснащенные оборудованием, предназначенным и используемым для выкладки, демонстрации товаров, обслуживания покупателей и проведения денежных расчетов с покупателями при продаже товаров;

      11) товарные интервенции – мероприятия по реализации продовольственных товаров на внутреннем рынке из региональных стабилизационных фондов продовольственных товаров, осуществляемые в целях стабилизации внутреннего рынка при росте цен;

      12) предельная торговая надбавка – торговая надбавка, формируемая для определения цены при реализации субъектами внутренней торговли продовольственных товаров конечным потребителям.

      3. В целях обеспечения эффективного и своевременного применения механизмов стабилизации цен на социально значимые продовольственные товары аким области образует Комиссию по обеспечению реализации механизмов стабилизации цен на социально значимые продовольственные товары (далее – Комиссия) и утверждает ее состав.

      4. Председателем Комиссии является заместитель акима области, членами Комиссии являются сотрудники управлений (отделов) предпринимательства, торговли и сельского хозяйства, а также представители объединений субъектов частного предпринимательства и общественных организаций. Комиссия осуществляет свою деятельность на постоянной основе.

      5. Количественный состав Комиссии должен быть нечетным и составлять не менее девяти человек. При этом две трети членов Комиссии должны являться представителями объединений субъектов частного предпринимательства и общественных организаций. Секретарь Комиссии не является ее членом.

      6. К компетенции Комиссии относятся:

      1) принятие решения о реализации механизмов стабилизации цен на социально значимые продовольственные товары в Карагандинской области;

      2) определение перечня продовольственных товаров, закупаемых в стабилизационный фонд продовольственных товаров и предельной торговой надбавки по ним в целях реализации механизма по формированию и использованию стабилизационных фондов продовольственных товаров;

      3) определение субъекта предпринимательства для выдачи займа в соответствии с настоящими правилами;

      4) рассмотрение предложений специализированной организации по определению предельной торговой надбавки на социально значимые продовольственные товары.

      7. Образование и организацию работы Комиссии обеспечивает акимат Карагандинской области (акимат области).

      8. Для реализации механизмов стабилизации цен на социально значимые продовольственные товары акимат области осуществляется закуп услуг у специализированных организаций, реализующих механизмы стабилизации цен на социально значимые продовольственные товары, за исключением мер по установлению предельных цен на социально значимые продовольственные товары, путем заключения договора о реализации механизмов стабилизации цен на социально значимые продовольственные товары.

      9. До истечения срока действия договора о реализации механизмов стабилизации цен на социально значимые продовольственные товары на трехлетний период акимат области заключает со специализированной организацией дополнительное соглашение с указанием обязательств о переходящих активах стабилизационного фонда в натуральном и денежном выражении.

      В случае упразднения стабилизационного фонда, специализированная организация обеспечивает возврат бюджетных средств, использованных для закупа продовольственных товаров в местный бюджет.

      Если по решению специализированной организации реализация продовольственных товаров осуществлена по ценам ниже закупочных, то возврат суммы осуществляется за минусом разницы цены закупа и реализации.

      10. Накладные, коммунальные и прочие расходы специализированной организации, возникшие при использовании стабилизационного фонда, ежегодно покрываются за счет разницы между фиксированной и рыночной ценами на продовольственные товары.

Глава 2. Порядок реализации механизмов по стабилизации цен на социально значимые продовольственные товары

      13. В целях стабилизации рынка социально значимых продовольственных товаров акимат области реализует следующие механизмы стабилизации цен на социально значимые продовольственные товары:

      1) деятельность стабилизационных фондов;

      2) предоставление займа субъектам предпринимательства.

Глава 3. Порядок деятельности региональных стабилизационных фондов продовольственных товаров

      14. Деятельность стабилизационных фондов продовольственных товаров осуществляется путем формирования и использования регионального стабилизационного фонда.

      15. В целях реализации механизма по формированию и использованию регионального стабилизационного фонда продовольственных товаров Комиссия определяет перечень социально значимых продовольственных товаров, закупаемых в региональный стабилизационный фонд продовольственных товаров на основе регионального баланса спроса и предложения (объемы производства и обеспеченность продовольственными товарами, их товародвижение, наличие запасов), сведений о посевных площадях (плановых), прогнозном урожае, сложившихся ценах за прошедший календарный год, иных сведений, а также предельную торговую надбавку.

      16. Перечень социально значимых продовольственных товаров, необходимых для закупа в региональный стабилизационный фонд продовольственных товаров формируется из перечня социально значимых продовольственных товаров, утвержденного постановлением Правительства Республики Казахстан от 1 марта 2010 года № 145 "Об утверждении перечня социально значимых продовольственных товаров".

      17. Предельная торговая надбавка на социально значимые продовольственные товары, реализуемые специализированной организацией, формируется с учетом удержания цен на 10 или более процентов ниже официальных рыночных значений розничных цен на социально значимые продовольственные товары, формируемые органами государственной статистики соответствующей области согласно Плану статистических работ в соответствии с пунктом 1 статьи 19 Закона Республики Казахстан "О государственной статистике".

      18. Комиссия вносит акиму Карагандинской области рекомендации об утверждении перечня закупаемых продовольственных товаров и предельной торговой надбавки по ним.

      19. Акимат области на основании рекомендации Комиссии утверждает перечень закупаемых продовольственных товаров и предельную торговую надбавку.

      20. При формировании регионального стабилизационного фонда приобретение социально значимых продовольственных товаров осуществляется непосредственно у производителей, в том числе путем заключения форвардных договоров и офтейк-контрактов с возможностью хранения у сельхозтоваропроизводителя. В случае, если производителем напрямую не осуществляется реализация продукции, приобретение социально значимых продовольственных товаров осуществляется у оптовых поставщиков (дистрибьютеров), специализирующихся на реализации продовольственных товаров.

      21. Продовольственные товары, приобретаемые в региональный стабилизационный фонд, должны соответствовать требованиям к безопасности пищевой продукции при ее хранении, транспортировке и реализации согласно статьям 18 и 19 Закона Республики Казахстан "О безопасности пищевой продукции".

      22. Специализированная организация на основе статистических данных и других источников проводит постоянный анализ внутреннего рынка продовольственных товаров региона и рынков продукции агропромышленного комплекса (объемы производства и обеспеченность продовольственными товарами, их товародвижение, наличие запасов, цен), определяет объемы продовольственных товаров, закупаемых в региональный стабилизационный фонд и принимает решение о закупочных интервенциях.

      23. Использование регионального стабилизационного фонда осуществляется специализированной организацией путем проведения товарных интервенций и освежения продовольственных товаров.

      24. Специализированная организация принимает решение о проведении товарных интервенций не позднее 2 (двух) рабочих дней в случае повышения уровня цен, при котором необходимо регулирующее воздействие на агропродовольственный рынок.

      25. Специализированная организация в целях своевременного освежения регионального стабилизационного фонда на постоянной основе обеспечивает сроки хранения продовольственных товаров регионального стабилизационного фонда.

      26. Освежение регионального стабилизационного фонда осуществляется до истечения сроков хранения продовольственных товаров, путем реализации продовольственного товара из регионального стабилизационного фонда или возврата продовольственных товаров до истечения сроков их хранения поставщику с последующей поставкой такого же объема продовольственных товаров с новым сроком хранения или с нового урожая следующего года.

      27. Реализация продовольственных товаров регионального стабилизационного фонда для товарных интервенций, освежения продовольственных товаров осуществляется специализированной организацией через собственные точки сбыта и (или) торговые объекты, реализующие продовольственные товары, а также перерабатывающим предприятиям для производства социально значимых продовольственных товаров в пределах предельной торговой надбавки.

      28. При этом, цена готового продовольственного товара, произведенного перерабатывающим предприятием, не превышает его предельно допустимой розничной цены, утвержденной акиматом области, и оговаривается в договоре о реализации, заключенном специализированной организацией с перерабатывающим предприятием.

      29. Акимат области совместно со специализированной организацией проводят информационную работу по доведению информации до населения через средства массовой информации, официальные сайты акимата и специализированной организации о местонахождении торговых объектов, осуществляющих товарные интервенции, а также о порядке предоставления займа субъектам предпринимательства.

Глава 4. Порядок предоставления займа субъектам предпринимательства

      30. Акимат области в целях стабилизации цен на социально значимые продовольственные товары через специализированные организации предоставляют займ субъектам предпринимательства в соответствии с перечнем продовольственных товаров, определяемым Комиссией. Предоставление займа осуществляется на условиях возвратности, обеспеченности и платности путем заключения договора займа.

      31. Стабилизация цен обеспечивается путем установления специализированной организацией фиксированных сниженных розничных/оптовых цен на социально значимые продовольственные товары.

      32. Субъект предпринимательства для выдачи займа определяется Комиссией в соответствии с следующими требованиями (критериями) к субъектам предпринимательства:

      наличие в собственности либо на правах аренды (со сроком действия на период предоставления займа) действующего торгового объекта (объектов) или договора (договоров) поставки продукции с действующим субъектом розничной торговли (со сроком действия на период предоставления займа);

      наличие в собственности либо на правах аренды инфраструктуры хранения (складских сооружений или других помещений) со специальным оборудованием (со сроком действия на период предоставления займа).

      33. Прием заявок у субъектов предпринимательства осуществляет специализированная организация и после проверки на соответствие требованиям Правил направляет в акимат области для вынесения на заседание Комиссии.

      34. В протоколе Комиссии указываются перечень социально значимых продовольственных товаров, для субъектов розничной торговли - фиксированные розничные цены по ним, для производителей – отпускные цены, сумма займа и субъект предпринимательства.

      35. Субъект предпринимательства предоставляет обеспечение исполнения обязательств по возврату займа специализированной организации. Обеспечение исполнения обязательств предоставляется в виде: залога, банковской гарантии, договора страхования, гарантии/поручительства третьих лиц. Обеспечение исполнения обязательств оформляется в письменной форме, предусмотренной законодательством.

      36. Условия предоставления займа устанавливаются договором займа, заключаемого между специализированной организацией и субъектом предпринимательства.

      37. Источником финансирования реализации механизмов стабилизации цен на социально значимые продовольственные товары являются денежные средства, выделяемые акиматом области, выделенные ранее на формирование региональных стабилизационных фондов продовольственных товаров.

      38. Займ не предоставляется на рефинансирование просроченной задолженности.

      39. Займ предоставляется только в национальной валюте.