Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Нұра ауданы Ақмешіт ауылдық округінің әкімінің 04.08.2022 № 5 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1- бабының 7) тармақшасына сәйкес және Нұра ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының міндеттерін атқарушысының 2022 жылғы 27 мамырдағы № 02-13-260 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:
1. Нұра ауданы Ақмешіт ауылдық округі Қантай ауылының аумағында ірі қара малдың арасынан жұқпалы ринотрахеит ауруының анықталуына байланысты, шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округінің әкімі | А. Акашев |