Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Нұра аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының міндеттерін атқарушысының 2022 жылғы 27 шілдедегі № 02-13-412 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:
1. Қарағанды облысы Нұра ауданы Ақмешіт ауылдық округі Қантай ауылының аумағында ірі қара малдың арасынан жұқпалы ринотрахеит ауруын жою бойынша сауықтыру іс-шараларының жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Қарағанды облысы Нұра ауданы Ақмешіт ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 3 маусымдағы № 2 "Нұра ауданы Ақмешіт ауылдық округі Қантай ауылының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28428 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округінің әкімі | А. Акашев |