Нұра ауданы Ақмешіт ауылдық округі Қантай ауылының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Нұра ауданы Ақмешіт ауылдық округінің әкімінің 2022 жылғы 3 маусымдағы № 2 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 10 маусымда № 28428 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Нұра ауданы Ақмешіт ауылдық округінің әкімінің 2022 жылғы 4 тамыздағы № 5 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Нұра ауданы Ақмешіт ауылдық округінің әкімінің 04.08.2022 № 5 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1- бабының 7) тармақшасына сәйкес және Нұра ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының міндеттерін атқарушысының 2022 жылғы 27 мамырдағы № 02-13-260 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:

      1. Нұра ауданы Ақмешіт ауылдық округі Қантай ауылының аумағында ірі қара малдың арасынан жұқпалы ринотрахеит ауруының анықталуына байланысты, шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ауылдық округінің әкімі А. Акашев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады