Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына сәйкес, Қарағанды облысының Осакаров ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2022 жылғы 5 қазандағы № 06-07-2-35/417 ұсынысының негізінде ШЕШТІМ:
1. Қарағанды облысы Осакаров ауданы Жансары ауылдық округінің Қызылтас, Жуантөбе, Басқорық ауылдарының аумағында белгіленген шектеу іс-шаралары ірі қара малдың жұқпалы ринотрахеит және вирустық диарея ауруларын жою жөніндегі кешенді ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар жүргізілуіне байланысты тоқтатылсын.
2. Қарағанды облысы Осакаров ауданы Жансары ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 3 маусымдағы № 2 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28422 тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Жансары ауылдық округінің әкімі | Е. Доненбаев |