Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабының 1-тармағына сәйкес және Шет ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2022 жылғы 29 маусымдағы № 06-08-02/221 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:
1. Шет ауданы Кеншоқы ауылдық округі Кеншоқы ауылының аумағында ірі қара малдың вирустық диарея ауыру ошақтарын жою бойынша кенегді ветеринариялық іс-шаралардың жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Кеншоқы ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 18 наурыздағы "Кеншоқы ауылдық округі Кеншоқы ауылының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27294 болып тіркелген) № 01 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Кеншоқы ауылдық округінің әкімі | А. Кулейменов |