Шектеу іс-шараларын тоқтату және Кеншоқы ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 18 наурыздағы № 01 "Кеншоқы ауылдық округі Кеншоқы ауылының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Шет ауданы Кеншоқы ауылдық округінің әкімінің 2022 жылғы 14 шілдедегі № 02 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 15 шілдеде № 28825 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабының 1-тармағына сәйкес және Шет ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2022 жылғы 29 маусымдағы № 06-08-02/221 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:

      1. Шет ауданы Кеншоқы ауылдық округі Кеншоқы ауылының аумағында ірі қара малдың вирустық диарея ауыру ошақтарын жою бойынша кенегді ветеринариялық іс-шаралардың жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Кеншоқы ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 18 наурыздағы "Кеншоқы ауылдық округі Кеншоқы ауылының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27294 болып тіркелген) № 01 шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Кеншоқы ауылдық округінің әкімі А. Кулейменов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады