Кеншоқы ауылдық округі Кеншоқы ауылының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Шет ауданы Кеншоқы ауылдық округінің әкімінің 2022 жылғы 18 наурыздағы № 01 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 30 наурызда № 27294 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Шет ауданы Кеншоқы ауылдық округінің әкімінің 2022 жылғы 14 шілдедегі № 02 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Шет ауданы Кеншоқы ауылдық округінің әкімінің 14.07.2022 № 02 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабы 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабына сәйкес және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Шет аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі басшысының 2022 жылдың 18 ақпандағы № 06-08-02/55 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:

      1. Кеншоқы ауылдық округі Кеншоқы ауылының аумағында ірі қара малдың вирустық диарея ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Кеншоқы ауылдық округінің әкімі А. Кулейменов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады