Маңғыстау облысының жергілікті атқарушы органдарының және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеулерді қолдану қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2022 жылғы 4 қазандағы № 185 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 5 қазанда № 30028 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңының 35-бабының 2 - тармағына сәйкес Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Маңғыстау облысының жергілікті атқарушы органдарының және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеулерді қолдану қағидалары бекітілсін.

      2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Маңғыстау облысының әкімі Н. Ногаев

  Маңғыстау облысы әкімдігінің
  2022 жылғы 4 қазандағы
  № 185 қаулысымен бекітілген

Маңғыстау облысының жергілікті атқарушы органдарының және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеулерді қолдану қағидалары

      1. Осы Маңғыстау облысының жергілікті атқарушы органдарының және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеулерді қолдану қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңының 35-бабының 2 тармағына сәйкес әзірленді және Маңғыстау облысының жергілікті атқарушы органдарының және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеулерді қолдану тәртібін айқындайды.

      2. Мемлекеттік қызметшілерге мынадай көтермелеулер қолданылады:

      1) біржолғы ақшалай сыйақы беру;

      2) алғыс жариялау;

      3) бағалы сыйлықпен марапаттау;

      4) грамотамен марапаттау;

      5) құрметті атақ беру;

      6) көтермелеудің өзге де нысандары.

      3. Бір рет ерекшеленгені үшін мемлекеттік қызметшіге Қағидалардың 2-тармағында көрсетілген көтермелеу нысандарының біреуі ғана және мемлекеттік органның актісінде нақты сіңірген еңбегі көрсетіле отырып, бір рет қана қолданылуы мүмкін.

      Ескерту. 3- тармақ жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы әкімдігінің 21.11.2023 № 184 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      4. Мемлекеттік қызметшілері лауазымдық міндеттерін үлгілі орындағаны, мінсіз мемлекеттік қызметі, ерекше маңыздылығы мен күрделілігі бар тапсырмаларды орындағаны және жұмыстағы басқа да жетістіктері үшін, сондай-ақ олардың қызметін бағалау нәтижелері бойынша көтермеленеді.

      5. Мемлекеттік қызметшілерді көтермелеу көпшілік дауыспен қабылданған комиссия (бұдан әрі – Комиссия) шешімінің негізінде жүргізіледі.

      Комиссия құрамы мемлекеттік орган басшысының бұйрығымен бекітіледі және кемінде 5 адамнан тұрады.

      6. Мемлекеттік қызметшілердің қызметін бағалау нәтижелері бойынша көтермелеу бір жыл ішінде түйінді нысаналы индикаторларды орындауы тұрғысынан, пайыздық арақатынасы қағидаты бойынша айқындалады.

      7. Ерекше маңызды және күрделі тапсырмаларды орындағаны және жұмыстағы басқа да жетістіктері үшін мемлекеттік қызметшілері бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру жоспары бойынша жергілікті атқарушы органдарды ұстауға көзделген жергілікті бюджет қаражатын үнемдеу есебінен комиссияның ұсынымдары негізінде басшысының шешімі бойынша біржолғы ақшалай сыйақымен көтермеленеді.

      8. Маңғыстау облысы әкімінің Алғысы мемлекеттік қызметшілерге лауазымдық міндеттерін үлгілі орындағаны, қызметтегі жұмысында жоғары нәтижелерге қол жеткізгені, аса маңызды міндеттерді шешуге қосқан жеке үлесі үшін жарияланады.

      9. Бағалы сыйлықпен, әкімнің Алғысымен көтермелеу туралы шешімі мемлекеттік органдар, ведомстволық бағынысты ұйымдар басшыларының ұсынуы бойынша қабылданады.

      10. Мемлекеттік қызметшілерді әкімнің Алғысымен және (немесе) нақты сіңірген еңбектері сипатталған бағалы сыйлықпен көтермелеу туралы ұсыныстар Маңғыстау облысы әкімі аппаратының инспекторлық және ұйымдастыру жұмысы бөліміне (бұдан әрі – Бөлім) жіберіледі.

      11. Егер алғыс білдіру мереке күндеріне және мерейтой күндеріне орайластырылса, онда ұсыныс тиісті күнге дейін күнтізбелік 20 күннен кешіктірілмей Бөлімге жіберіледі.

      12. Алғыс жоғалған жағдайда оның телнұсқасы берілмейді.

      13. Мемлекеттік қызметшілерін Маңғыстау облысы әкімінің Алғысымен көтермелеуді есепке алуды мемлекеттік қызметшінің жұмыс орны бойынша деректерді бере отырып, Бөлім жүзеге асырады.

      14. Мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеудің өзге де нысандары Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес қолданылады.

      15. Мемлекеттік қызметшілер:

      1) тәртіптік жазалары алынбаған;

      2) сынақ мерзімінен өтуі кезеңінде;

      3) тиісті органда бір айдан кем жұмыс істеген болса марапаттауға жатпайды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады