Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27- бабына сәйкес, Ақтау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ақтау қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 2389 "Ақтау қаласы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3263 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулыны "Ақтау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ақтау қаласының әкімі | Н. Қилыбай |