Ақтау қаласы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы Ақтау қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 2389 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2017 жылғы 23 қаңтарда № 3263 болып тіркелді. Күші жойылды-Маңғыстау облысы Ақтау қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 27 қаңтардағы № 02-02/102 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Ақтау қаласы әкімдігінің 27.01.2022 № 02-02/102 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы", 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңдарына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 "Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді тіркеу Тізілімінде № 14010 болып тіркелген) сәйкес, Ақтау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, Ақтау қаласы бойынша мүгедектер үшін келесідей мөлшерлерде жұмыс орындарының квотасы белгіленсін:

      1) елуден жүз адамға дейін – жұмыскерлердің тізімдік санының екі пайызы мөлшерінде;

      2) жүзден екі жүз елу адамға дейін – жұмыскерлердің тізімдік санының үш пайызы мөлшерінде;

      3) екі жүз елуден артық адам – жұмыскерлердің тізімдік санының төрт пайызы мөлшерінде.

      2. "Ақтау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысына (Г.Н. Хайрлиева) осы қаулының Маңғыстау облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін, оның "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Т. Ж. Көшмағанбетовке жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі С. Трұмов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Ақтау қалалық жұмыспен қамту

      және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"

      мемлекеттік мекемесінің басшысы

      Г.Н. Хайрлиева

      "26" желтоқсан 2016 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады