Ақтау қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 2389 "Ақтау қаласы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Ақтау қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 27 қаңтардағы № 02-02/102 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 3 ақпанда № 26731 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27- бабына сәйкес, Ақтау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ақтау қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 2389 "Ақтау қаласы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3263 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулыны "Ақтау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақтау қаласының әкімі Н. Қилыбай

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады