Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес, Маңғыстау ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Маңғыстау ауданы әкімдігінің келесі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
1) Маңғыстау ауданы әкімдігінің "Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" 2017 жылғы 15 ақпандағы № 40 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3281 болып тіркелген);
2) Маңғыстау ауданы әкімдігінің "Маңғыстау ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 15 ақпандағы № 40 "Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2018 жылғы 13 наурыздағы № 60 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3550 болып тіркелген);
3) Маңғыстау ауданы әкімдігінің "Маңғыстау ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 15 ақпандағы № 40 "Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2020 жылғы 9 маусымдағы № 127 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4232 болып тіркелген).
2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Маңғыстау ауданының әкімі | Г. Ниязов |