Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы әкімдігінің 02.11.2022 № 354 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңдарына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы №498 "Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №14010 болып тіркелген) сәйкес Маңғыстау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Маңғыстау ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 15 ақпандағы №40 "Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №3281 болып тіркелген, 2017 жылы 16 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысына келесідей өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасында:
реттік нөмірі екінші жол алынып тасталсын.
2. "Маңғыстау аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бөлім басшысы М.Оразалиев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.Махмутовқа жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Ж.Айтуаров |
"КЕЛІСІЛДІ"
Маңғыстау ауданы әкімдігінің
"Маңғыстау жылу, су" мемлекеттік
коммуналдық кәсіпорны
директорының міндетін атқарушы
Е.Ғ.Күйкішев
__________________
"13" 03 2018 жыл
"Маңғыстау аудандық жұмыспен
қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы
М.А.Оразалиев
____________________
"13" 03 2018 жыл
Маңғыстау облысының денсаулық
сақтау басқармасының "Маңғыстау орталық
аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу
құқығындағы мемлекеттік коммуналдық
кәсіпорнының директоры
Ж.С.Нұрлыбаева
___________________
"13" 03 2018 жыл