ШЕШТІМ:
1. Әулиекөл ауданы әкімінің "Әулиекөл ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы" 2021 жылғы 13 мамырдағы № 23 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9914 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасында:
1) № 264, № 267, № 268, № 288 сайлау учаскелері жаңа редакцияда жазылсын:
"№ 264 сайлау учаскесі
Шилі ауылының шекараларында.
Учаскенің орналасқан жері: Шилі ауылы, Степной көшесі, 32-үй, 1-пәтер.
№ 267 сайлау учаскесі
Қосағал ауылының шекараларында.
Учаскенің орналасқан жері: Қосағал ауылы, Қазақ көшесі, 18-үй
№ 268 сайлау учаскесі
Чернигов және Дүзбай ауылдарының шекараларында.
Учаскенің орналасқан жері: Чернигов ауылы, Ленин көшесі, 33-ғимарат, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Әулиекөл ауданы білім бөлімінің Чернигов жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты".
№ 288 сайлау учаскесі
Октябрь және Дәңгірбай ауылдарының шекараларында.
Учаскенің орналасқан жері: Октябрь ауылы, Ленин көшесі, 14-ғимарат, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Әулиекөл ауданы білім бөлімінің № 1 Қазанбасы жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.
2) Алынып тасталсын:
"№ 270 сайлау учаскесі
Дүзбай ауылының шекараларында.
Учаскенің орналасқан жері: Дүзбай ауылы, Новый көшесі, 2-үй.
№ 271 сайлау учаскесі
Дәңгірбай ауылының шекараларында.
Учаскенің орналасқан жері: Дәңгірбай ауылы, Центральный көшесі, 11-үй, Қостанай облысы әкімдігі табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының "Басаман орман шаруашылығы мекемесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты".
2. "Әулиекөл ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Әулиекөл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау "Әулиекөл ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшысына жүктелсін.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әулиекөл ауданының әкімі | Е. Теменов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Әулиекөл аудандық
сайлау комиссиясы