Әулиекөл ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы

Жаңартылған

Қостанай облысы Әулиекөл ауданы әкімінің 2021 жылғы 13 мамырдағы № 3 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 14 мамырда № 9914 болып тіркелді.

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 23-бабына сәйкес, Әулиекөл аудандық (аумақтық) сайлау комиссиясының келісімі бойынша Әулиекөл ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Әулиекөл ауданының аумағында сайлау учаскелері құрылсын.

      2. Аудан әкімінің келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:

      1) "Әулиекөл ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы" 2020 жылғы 27 наурыздағы № 2, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9057 болып тіркелген;

      2) "Аудан әкімінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № 2 "Әулиекөл ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2020 жылғы 12 қарашадағы № 4, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9548 болып тіркелген.

      3. "Әулиекөл ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Әулиекөл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылау "Әулиекөл ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшысына жүктелсін.

      5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Е. Теменов

  Әкімнің
  2021 жылғы 13 мамырдағы
  № 3 шешіміне
  қосымша

Әулиекөл ауданының аумағындағы сайлау учаскелері

      Ескерту. Қосымшаға өзгерістер енгізілді - Қостанай облысы Әулиекөл ауданы әкімінің 30.03.2022 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.10.2022 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.06.2023 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.

      № 245 сайлау учаскесі

      Қазанбасы ауылының шекараларында.

      Учаскенің орналасқан жері: Қазанбасы ауылы, Степная көшесі, 7-ғимарат, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Әулиекөл ауданы білім бөлімінің № 2 Қазанбасы жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      № 246 сайлау учаскесі

      Бағаналы ауылының шекараларында.

      Учаскенің орналасқан жері: Бағаналы ауылы, Школьный көшесі, 5-ғимарат, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Әулиекөл ауданы білім бөлімінің Бағаналы негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      № 247 сайлау учаскесі

      Москалевка және Жалтыркөл ауылдарының шекараларында.

      Учаскенің орналасқан жері: Москалевка ауылы, Апрельский көшесі, 22 Б үй, "Әулиекөл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің аудандық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ғимараты.

      № 249 сайлау учаскесі

      Қ. Тұрғымбаев ауылының шекараларында.

      Учаскенің орналасқан жері: Қ. Тұрғымбаев ауылы, Абай көшесі, 22 үй, 1 пәтер (келісім бойынша).

      № 250 сайлау учаскесі

      Диев және Қоскөл ауылдарының шекараларында.

      Учаскенің орналасқан жері: Диев ауылы, Абай көшесі, 11-үй, "Агрофирма "Диевская" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мәдениет үйінің ғимараты.

      № 252 сайлау учаскесі

      Үшқарасу ауылының шекараларында.

      Учаскенің орналасқан жері: Үшқарасу ауылы, № 1 көше, 1-ғимарат, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Әулиекөл ауданы білім бөлімінің Үшқарасу негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      № 253 сайлау учаскесі

      Новоселов ауылының шекараларында.

      Учаскенің орналасқан жері: Новоселов ауылы, Баймағамбетов көшесі, 15-ғимарат, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Әулиекөл ауданы білім бөлімінің Новоселовка жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      № 254 сайлау учаскесі

      Аққұдық ауылының шекараларында.

      Учаскенің орналасқан жері: Аққұдық ауылы, № 3 көше, 15-ғимарат, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Әулиекөл ауданы білім бөлімінің Аққұдық негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      № 255 сайлау учаскесі

      Алынып тасталды - Қостанай облысы Әулиекөл ауданы әкімінің 12.06.2023 № 3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      № 256 сайлау учаскесі

      Сосновка ауылының шекараларында.

      Учаскенің орналасқан жері: Сосновка ауылы, № 5 көше, 11-ғимарат, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Әулиекөл ауданы білім бөлімінің Сосновка негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      № 257 сайлау учаскесі

      Новонежин ауылының шекараларында.

      Учаскенің орналасқан жері: Новонежин ауылы, Щорс көшесі, 2-ғимарат, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Әулиекөл ауданы білім бөлімінің Батыржан Кенжетаев атындағы Новонежин жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      № 258 сайлау учаскесі

      Калинин ауылының шекараларында.

      Учаскенің орналасқан жері: Калинин ауылы, № 1 көше, 1-ғимарат, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Әулиекөл ауданы білім бөлімінің Калинин негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      № 259 сайлау учаскесі

      Озерный ауылының шекараларында.

      Учаскенің орналасқан жері: Озерный ауылы, № 1 көше, 1-үй, Қостанай облысы әкімдігі табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының "Семиозерное орман шаруашылығы мекемесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      № 260 сайлау учаскесі

      Лаврентьев ауылының шекараларында.

      Учаскенің орналасқан жері: Лаврентьев ауылы, № 1 көше, 31-ғимарат, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Әулиекөл ауданы білім бөлімінің Лаврентьев негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      № 261 сайлау учаскесі

      Первомай ауылының шекараларында.

      Учаскенің орналасқан жері: Первомай ауылы, Советский көшесі, 28-ғимарат, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Әулиекөл ауданы білім бөлімінің Чернышевский жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      № 262 сайлау учаскесі

      Юльев ауылының шекараларында.

      Учаскенің орналасқан жері: Юльев ауылы, Ленин көшесі, 23 Б ғимараты, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Әулиекөл ауданы білім бөлімінің Шайсұлтан Шаяхметов атындағы Сұлукөл жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      № 263 сайлау учаскесі

      Федосеевка ауылының шекараларында.

      Учаскенің орналасқан жері: Федосеевка ауылы, Баймагамбетов көшесі, 111-ғимарат, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Әулиекөл ауданы білім бөлімінің Федосеев негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      № 264 сайлау учаскесі

      Алынып тасталды - Қостанай облысы Әулиекөл ауданы әкімінің 12.06.2023 № 3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      № 265 сайлау учаскесі

      Тимофеев ауылының шекараларында.

      Учаскенің орналасқан жері: Тимофеев ауылы, Школьный тұйық көшесі, 1-ғимарат, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Әулиекөл ауданы білім бөлімінің Тимофеев жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      № 266 сайлау учаскесі

      Қарақалпақ ауылының шекараларында.

      Учаскенің орналасқан жері: Қарақалпақ ауылы, Центральный көшесі, 12-ғимарат, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Әулиекөл ауданы білім бөлімінің Қарақалпақ бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      № 267 сайлау учаскесі

      Қосағал ауылының шекараларында.

      Учаскенің орналасқан жері: Қосағал ауылы, Қазақ көшесі, 18-үй.

      № 268 сайлау учаскесі

      Чернигов және Дүзбай ауылдарының шекараларында.

      Учаскенің орналасқан жері: Чернигов ауылы, Ленин көшесі, 33-ғимарат, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Әулиекөл ауданы білім бөлімінің Чернигов жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      № 269 сайлау учаскесі

      Харьков ауылының шекараларында.

      Учаскенің орналасқан жері: Харьков ауылы, № 1 көше, 1-ғимарат, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Әулиекөл ауданы білім бөлімінің Харьков бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      № 270 сайлау учаскесі

      Алынып тасталды - Қостанай облысы Әулиекөл ауданы әкімінің 30.03.2022 № 2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      № 271 сайлау учаскесі

      Алынып тасталды - Қостанай облысы Әулиекөл ауданы әкімінің 30.03.2022 № 2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      № 272 сайлау учаскесі

      Көктал ауылының шекараларында.

      Учаскенің орналасқан жері: Көктал ауылы, № 1 көше, 42-ғимарат, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Әулиекөл ауданы білім бөлімінің Көктал жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      № 273 сайлау учаскесі

      Әулиекөл ауылының шекараларында: 9 пятилетка, Бәйтерек, Дорожный, Есенин, Затобольский, Индустриальный, Комаров, Лесной, Островский, Приозерный, Советский, Строительный, Таран, Украин, Чехов көшелері, Қостанай көшесінің жұп жағы 2-28, тақ жағы 3-79.

      Учаскенің орналасқан жері: Әулиекөл ауылы, Қостанай көшесі, 2-үй, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Әулиекөл ауданы білім бөлімінің И.Я. Сьянов атындағы Әулиекөл жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      № 274 сайлау учаскесі

      Әулиекөл ауылының шекараларында: Алтынсарин, Уәлиханов, Гагарин, Западный, Байқұлақ батырдың атындағы, Сұлтан Еркімбаев атындағы, Космонавтар, Қуаныш Шамшиев, Мамедов, Омаров, Пушкин, Южный, Байтұрсынов 1-56, 1 Май 1-36 көшелері.

      Учаскенің орналасқан жері: Әулиекөл ауылы, Байтұрсынов көшесі, 1 Б үй, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Әулиекөл ауданы білім бөлімінің Шоқан Уәлиханов атындағы Әулиекөл жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      № 275 сайлау учаскесі

      Әулиекөл ауылының шекараларында: 10 пятилетка, Амангелді, Астана, Джангилдин, Жильгильдин, Ерік Асанбаев атындағы, Шақшақ Жәнібек батырдың атындағы, Рахимов, Торғай, Байтұрсынов 58-94/3 көшелері.

      Учаскенің орналасқан жері: Әулиекөл ауылы, 1 Май көшесі, 43-ғимарат, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Әулиекөл ауданы білім бөлімінің Сұлтан Баймағамбетов атындағы Әулиекөл мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      № 276 сайлау учаскесі

      Әулиекөл ауылының шекараларында: Әуэзов, Саржетім Қарабалуан батырдың атындағы, Мир, Молодежный, Набережный, Озерный, Родниковый, Сьянов, Чкалов, 1 Май 37-101 көшелері, Баймағамбетов көшесінің тақ жағы 1-71, жұп жағы 2-76, Қостанай көшесінің жұп жағы 30-160/2, тақ жағы 81-207.

      Учаскенің орналасқан жері: Әулиекөл ауылы, Баймағамбетов көшесі, 27-үй, "Әулиекөл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің аудандық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ғимараты.

      № 277 сайлау учаскесі

      Әулиекөл ауылының шекараларында: 50 лет ВЛКСМ, Абай, Березовый, Восточный, Жамбыл, Дружба, Заводской, Мұқаш Тойқожаұлының атындағы, Киров, Лермонтов, Медет Досымханов, Новый, Песчанная, Пионерский, Прибрежный, Рабочий, Салық Молдахметов, Спортивный, Терешкова, Трудовой, Тұрғымбаев, Фаризов, Целинный, Шаяхметов, Энергетиктер көшелері, Баймағамбетов көшесінің тақ жағы 73-133, жұп жағы 78-96.

      Учаскенің орналасқан жері: Әулиекөл ауылы, Тұрғымбаев көшесі, 21-үй, Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Әулиекөл аудандық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының ғимараты.

      № 278 сайлау учаскесі

      Аманқарағай ауылының шекараларында: № 1, 60 лет Октября, Алтынсарин, Аманқарағай Орман шаруашылығы, Блок, Гагарин, Дружба, Ерошенко, К. Маркс, Комаров, Қостанай, Ленин, Павлов, Пристанционный, Пролетарская, Садовый, Строительный, Толстой, Трудовой, Чехова, Школьный, Энтузиаст көшелері.

      Учаскенің орналасқан жері: Аманқарағай ауылы, Школьный көшесі, 2 А ғимараты, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Әулиекөл ауданы білім бөлімінің № 2 Аманқарағай жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      № 279 сайлау учаскесі

      Аманқарағай ауылының шекараларында: Абай, Вокзальный, Волков, Гвардейская, Герцен, Горький, Жамбыл, Дзержинский, Железнодорожный, Комсомольский, Королев, Кутузов, Мир, Нефтяников, Пацаев, Суворов, Таран, Титов, Чкалов, Шевченко көшелері.

      Учаскенің орналасқан жері: Аманқарағай ауылы, Комсомольский көшесі, 3-үй, "Тамаша" демалыс орталығының ғимараты.

      № 280 сайлау учаскесі

      Лесное ауылының шекараларында.

      Учаскенің орналасқан жері: Лесное ауылы, № 1 көше, 22-үй, Қостанай облысы әкімдігі табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының "Семиозерное орман шаруашылығы мекемесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      № 281 сайлау учаскесі

      Аманқарағай ауылының шекараларында: 1 Май, 1 Степной, 2 Степной,40 лет Победы, 70 лет ВЛКСМ, Автомобилистов, Авторудный, Базовский, Зеленый Клин, Калинин, Киров, Лермонтов, Лесной, Лихачев, Молодежный, Новый, Октябрьский, Островский, Приозерный, Приэлеваторный, Пушкин, Советский, Целинный, Шолохов көшелері, Больничный тұйық көшесі.

      Учаскенің орналасқан жері: Аманқарағай ауылы, Новый көшесі, 1-ғимарат, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Әулиекөл ауданы білім бөлімінің Н. Островский атындағы Аманқарағай жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      № 282 сайлау учаскесі

      Құсмұрын кентінің шекараларында: № 1, Баймағамбетов, Вагонный, Деповский, Дзержинский, Зеленый, Луговой, Путевой, Фадеев, Шахтерский, Гастелло 13-62 көшелері, Горький көшесінің жұп жағы 124-174, тақ жағы 195-263, К. Маркс көшесінің жұп жағы 50-94, тақ жағы 75А-175, Кутузов көшесінің жұп жағы 158-208, тақ жағы 181-239, Ленин көшесінің тақ жағы 83-149, жұп жағы 120-184, Свиридов көшесінің жұп жағы 152-196, тақ жағы 169-221, Степной көшесінің жұп жағы 116-146, тақ жағы 153-193, Суворов көшесінің жұп жағы 160-214, тақ жағы 179-231, Матросов, Фрунзе, Шевченко тұйық көшелері.

      Учаскенің орналасқан жері: Құсмұрын кенті, К. Маркс көшесі, 54-үй, "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының "Қостанай магистральдық желі бөлімшесі" филиалы ғимараты.

      № 283 сайлау учаскесі

      Құсмұрын кентінің шекараларында: № 2, Кавкетаев, Первомайский, Прорабский, Абай 19-37, Гастелло 1-12, Пришкольный 19-29 көшелері, Горький көшесінің жұп жағы 78-122, тақ жағы 101-193, К. Маркс көшесінің тақ жағы 61-75, Калинин көшесінің тақ жағы 21-27, жұп жағы 32-76 А, Кутузов көшесінің жұп жағы 84-156, тақ жағы 105-179, Ленин көшесінің тақ жағы 63-81, жұп жағы 86-118, Свиридов көшесінің жұп жағы 80-148, тақ жағы 85-163, Степной көшесінің жұп жағы 50-114, тақ жағы 71-151, Суворов көшесінің жұп жағы 88-158, тақ жағы 97-177, Больничный, Железнодорожный, Павлов, Садовый, Убаган тұйық көшелері.

      Учаскенің орналасқан жері: Құсмұрын кенті, Ленин көшесі, 61-ғимарат, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Әулиекөл ауданы білім бөлімінің № 1 Құсмұрын жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      № 284 сайлау учаскесі

      Құсмұрын кентінің шекараларында: Буденный, Уалиханов, Гоголь, Дорожников, Закарьерный, Караганский, Омаров, Панфилов, Пушкин, Разведчиктер, Сенный, Советский, Спортивный, Строительный, Чкалов, Щорс, Южный көшелері, Калинин көшесінің тақ жағы 31-37.

      Учаскенің орналасқан жері: Құсмұрын кенті, Ленин көшесі, 59-үй, "Әулиекөл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің аудандық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ғимараты.

      № 285 сайлау учаскесі

      Құсмұрын кентінің шекараларында: Жамбыл, Комсомол, Орджоникидзе, Сериков, Фурманов, Чапаев, Абай 1-17, Пришкольный 1-17 көшелері, Горький көшесінің тақ жағы 1-99, жұп жағы 2-76, Ленин көшесінің тақ жағы 1-53, жұп жағы 2-84, К. Маркс көшесінің тақ жағы 1-59, жұп жағы 2-16, Калинин көшесінің тақ жағы 1-19 А, жұп жағы 2-30, Кутузов көшесінің тақ жағы 1-103, жұп жағы 2-82, Свиридов көшесінің тақ жағы 1-83, жұп жағы 2-78, Степной көшесінің тақ жағы 1-69, жұп жағы 2-48, Суворов көшесінің тақ жағы 1-95, жұп жағы 2-82, Военный Городок, Киров тұйық көшелері.

      Учаскенің орналасқан жері: Құсмұрын кенті, Ленин көшесі, 55-ғимарат, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Әулиекөл ауданы білім бөлімінің № 2 Құсмұрын жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      № 288 сайлау учаскесі

      Октябрь және Дәңгірбай ауылдарының шекараларында.

      Учаскенің орналасқан жері: Октябрь ауылы, Ленин көшесі, 14-ғимарат, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Әулиекөл ауданы білім бөлімінің № 1 Қазанбасы жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады