Әулиекөл ауданы әкімнің 2021 жылғы 13 мамырдағы № 3 "Әулиекөл ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Әулиекөл ауданы әкімінің 2022 жылғы 30 наурыздағы № 2 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 6 сәуірде № 27455 болып тіркелді

      ШЕШТІМ:

      1. Әулиекөл ауданы әкімінің "Әулиекөл ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы" 2021 жылғы 13 мамырдағы № 23 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9914 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қосымшасында:

      1) № 264, № 267, № 268, № 288 сайлау учаскелері жаңа редакцияда жазылсын:

      "№ 264 сайлау учаскесі

      Шилі ауылының шекараларында.

      Учаскенің орналасқан жері: Шилі ауылы, Степной көшесі, 32-үй, 1-пәтер.

      № 267 сайлау учаскесі

      Қосағал ауылының шекараларында.

      Учаскенің орналасқан жері: Қосағал ауылы, Қазақ көшесі, 18-үй

      № 268 сайлау учаскесі

      Чернигов және Дүзбай ауылдарының шекараларында.

      Учаскенің орналасқан жері: Чернигов ауылы, Ленин көшесі, 33-ғимарат, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Әулиекөл ауданы білім бөлімінің Чернигов жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты".

      № 288 сайлау учаскесі

      Октябрь және Дәңгірбай ауылдарының шекараларында.

      Учаскенің орналасқан жері: Октябрь ауылы, Ленин көшесі, 14-ғимарат, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Әулиекөл ауданы білім бөлімінің № 1 Қазанбасы жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

      2) Алынып тасталсын:

      "№ 270 сайлау учаскесі

      Дүзбай ауылының шекараларында.

      Учаскенің орналасқан жері: Дүзбай ауылы, Новый көшесі, 2-үй.

      № 271 сайлау учаскесі

      Дәңгірбай ауылының шекараларында.

      Учаскенің орналасқан жері: Дәңгірбай ауылы, Центральный көшесі, 11-үй, Қостанай облысы әкімдігі табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының "Басаман орман шаруашылығы мекемесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты".

      2. "Әулиекөл ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Әулиекөл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау "Әулиекөл ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшысына жүктелсін.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әулиекөл ауданының әкімі Е. Теменов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Әулиекөл аудандық

      сайлау комиссиясы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады