"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Занының 27-бабына сәйкес және Федоров ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2022 жылғы 10 қазандағы № 01-20/196 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:
1. Қостанай облысы Федоров ауданы Костряков ауылдық округі Запасное ауылының аумағында мүйізді ірі қара малдың арасында сібір жарасы ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық іс-шараларының жүргізілуіне байланысты белгіленген карантин тоқтатылсын.
2. Федоров ауданы Костряков ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 13 қыркүйектегі № 11 "Карантин белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29572 тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Костряков ауылдық округінің әкімі | С. Гончарук |