Ескерту. 01.12.2022 бастап қолданысқа енгізіледі - осы қаулының 3-тармағымен.
Қазақстан Республикасының "Автомобиль көлігі туралы" Заңының 19-бабына, Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына сәйкес, Павлодар қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Павлодар қаласының аумағында қалалық қатынастарда жолаушылар мен багажды тұрақты автомобильді тасымалдауға сараланған тариф келесі мөлшерде белгіленсін:
1) электронды төлем жүйесі арқылы, Интернет желісі және байланыс құрылғысы арқылы жол жүру үшін қолма-қол ақшасыз төлеу кезінде – 100 (жүз) теңге;
2) жол ақысын қолма-қол төлеу кезінде – 200 (екі жүз) теңге.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – Павлодар облысы Павлодар қаласы әкімдігінің 19.12.2023 № 1803/2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.2. Осы қаулының орындалуын бақылау Павлодар қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы 2022 жылғы 1 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі.
Павлодар қаласының әкімі | А. Байханов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Павлодар қалалық
мәслихаты