Павлодар облысы Ақсу қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Павлодар облысы Ақсу қалалық әкімдігінің 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 1038/11 және Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихатының 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 74/10 "Ақсу қаласының жекелеген санаттағы азаматтарының қоғамдық жолаушылар көлігінде (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5357 болып тіркелген) бірлескен қаулысы мен шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бірлескен қаулы мен шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Ақсу қаласының мынадай санаттағы азаматтарына қоғамдық жолаушылар көлігі (таксиден басқа) бойынша толық жол жүру билетінің құнынан 50% мөлшерінде жеңілдікпен жол жүру белгіленсін:
1) жасына байланысты зейнеткерлерге;
2) әлеуметтік мәні бар аурулары бар азаматтарға, атап айтқанда:
- қатерлі ісік аурулары бар тұлғаларға;
- туберкулез ауруынан зардап шегетін, амбулаториялық емделудегі тұлғаларға;
- адамның иммун тапшылығы вирусынан зардап шегетін тұлғаларға;
- қант диабетімен ауыратын тұлғаларға;
- "жүйелі қызыл жегі" ауруымен ауыратын тұлғаларға;
3) жалпы білім беретін мектептің 9-сынып базасында оқитын колледждердің 1 және 2-курс студенттеріне.";
көрсетілген бірлескен қаулы мен шешімнің 2-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"2. Ақсу қаласының мынадай санаттағы азаматтарына қоғамдық жолаушылар көлігі (таксиден басқа) бойынша тегін жол жүру белгіленсін:
1) ардагерлерге және жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілгендерге;
2) мүгедек балаларға және алып жүретін адамдарға алып жүру кезінде;
3) І-топтағы, оның ішінде көру қабілеті бойынша және еріп жүру сәтінде еріп жүретін адамдарға және ІІ-топтағы мүгедектігі бар тұлғаларға;
4) орта білім беру ұйымдарында оқитын балаларға;
5) басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне;
6) Ақсу қаласының құрметті азаматтарына;
7) 18 жасқа дейінгі төрт және одан да көп балалары бар (оның ішінде студенттер), сондай-ақ "Алтын алқа" және "Күміс алқа" алқаларымен марапатталған, немесе бұрын "Батыр Ана" атағын алған, сондай-ақ, І және ІІ - дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен марапатталған көп балалы аналарға;
8) бейбіт уақытта әскери қызметін өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшілердің отбасыларына;
9) үйлеріне барып әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелерінің қызметкерлеріне.";
көрсетілген бірлескен қаулы мен шешімнің 3-тармағы алынып тасталсын.
2. Осы бірлескен қаулы мен шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ақсу қаласының әкімі | Н. Дюсимбинов |
Ақсу қалалық мәслихатының хатшысы | М. Омаргалиев |