Павлодар облысы Ақсу қалалық әкімдігінің 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 1038/11 және Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихатының 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 74/10 "Ақсу қаласының жекелеген санаттағы азаматтарының қоғамдық жолаушылар көлігінде (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы" бірлескен қаулысы мен шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Павлодар облысы Ақсу қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 1 маусымдағы № 405/4 бірлескен қаулысы және Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихатының 2022 жылғы 1 маусымдағы № 169/23 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 7 маусымда № 28394 болып тіркелді

      Павлодар облысы Ақсу қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Павлодар облысы Ақсу қалалық әкімдігінің 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 1038/11 және Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихатының 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 74/10 "Ақсу қаласының жекелеген санаттағы азаматтарының қоғамдық жолаушылар көлігінде (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5357 болып тіркелген) бірлескен қаулысы мен шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бірлескен қаулы мен шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Ақсу қаласының мынадай санаттағы азаматтарына қоғамдық жолаушылар көлігі (таксиден басқа) бойынша толық жол жүру билетінің құнынан 50% мөлшерінде жеңілдікпен жол жүру белгіленсін:

      1) жасына байланысты зейнеткерлерге;

      2) әлеуметтік мәні бар аурулары бар азаматтарға, атап айтқанда:

      - қатерлі ісік аурулары бар тұлғаларға;

      - туберкулез ауруынан зардап шегетін, амбулаториялық емделудегі тұлғаларға;

      - адамның иммун тапшылығы вирусынан зардап шегетін тұлғаларға;

      - қант диабетімен ауыратын тұлғаларға;

      - "жүйелі қызыл жегі" ауруымен ауыратын тұлғаларға;

      3) жалпы білім беретін мектептің 9-сынып базасында оқитын колледждердің 1 және 2-курс студенттеріне.";

      көрсетілген бірлескен қаулы мен шешімнің 2-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "2. Ақсу қаласының мынадай санаттағы азаматтарына қоғамдық жолаушылар көлігі (таксиден басқа) бойынша тегін жол жүру белгіленсін:

      1) ардагерлерге және жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілгендерге;

      2) мүгедек балаларға және алып жүретін адамдарға алып жүру кезінде;

      3) І-топтағы, оның ішінде көру қабілеті бойынша және еріп жүру сәтінде еріп жүретін адамдарға және ІІ-топтағы мүгедектігі бар тұлғаларға;

      4) орта білім беру ұйымдарында оқитын балаларға;

      5) басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне;

      6) Ақсу қаласының құрметті азаматтарына;

      7) 18 жасқа дейінгі төрт және одан да көп балалары бар (оның ішінде студенттер), сондай-ақ "Алтын алқа" және "Күміс алқа" алқаларымен марапатталған, немесе бұрын "Батыр Ана" атағын алған, сондай-ақ, І және ІІ - дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен марапатталған көп балалы аналарға;

      8) бейбіт уақытта әскери қызметін өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшілердің отбасыларына;

      9) үйлеріне барып әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелерінің қызметкерлеріне.";

      көрсетілген бірлескен қаулы мен шешімнің 3-тармағы алынып тасталсын.

      2. Осы бірлескен қаулы мен шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ақсу қаласының әкімі Н. Дюсимбинов
      Ақсу қалалық мәслихатының хатшысы М. Омаргалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады