Ақсу қаласының жекелеген санаттағы азаматтарының қоғамдық жолаушылар көлігінде (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы

Жаңартылған

Павлодар облысы Ақсу қалалық әкімдігінің 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 1038/11 және Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихатының 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 74/10 бірлескен қаулысы мен шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 3 ақпанда № 5357 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 2-тармағына, 6-бабының 1-тармағы 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 21 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы көлік туралы" Заңының 13-бабына сәйкес, Ақсу қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақсу қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ақсу қаласының мынадай санаттағы азаматтарына қоғамдық жолаушылар көлігі (таксиден басқа) бойынша толық жол жүру билетінің құнынан 50% мөлшерінде жеңілдікпен жол жүру белгіленсін:

      1) жасына байланысты зейнеткерлерге;

      2) әлеуметтік мәні бар аурулары бар азаматтарға, атап айтқанда:

      - қатерлі ісік аурулары бар тұлғаларға;

      - туберкулез ауруынан зардап шегетін, амбулаториялық емделудегі тұлғаларға;

      - адамның иммун тапшылығы вирусынан зардап шегетін тұлғаларға;

      - қант диабетімен ауыратын тұлғаларға;

      - "жүйелі қызыл жегі" ауруымен ауыратын тұлғаларға;

      3) жалпы білім беретін мектептің 9-сынып базасында оқитын колледждердің 1 және 2-курс студенттеріне.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Павлодар облысы Ақсу қаласы әкімдігінің 01.06.2022 № 405/4 бірлескен қаулысымен және Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихатының 01.06.2022 № 169/23 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Ақсу қаласының мынадай санаттағы азаматтарына қоғамдық жолаушылар көлігі (таксиден басқа) бойынша тегін жол жүру белгіленсін:

      1) ардагерлерге және жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілгендерге;

      2) мүгедек балаларға және алып жүретін адамдарға алып жүру кезінде;

      3) І-топтағы, оның ішінде көру қабілеті бойынша және еріп жүру сәтінде еріп жүретін адамдарға және ІІ-топтағы мүгедектігі бар тұлғаларға;

      4) орта білім беру ұйымдарында оқитын балаларға;

      5) басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне;

      6) Ақсу қаласының құрметті азаматтарына;

      7) 18 жасқа дейінгі төрт және одан да көп балалары бар (оның ішінде студенттер), сондай-ақ "Алтын алқа" және "Күміс алқа" алқаларымен марапатталған, немесе бұрын "Батыр Ана" атағын алған, сондай-ақ, І және ІІ - дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен марапатталған көп балалы аналарға;

      8) бейбіт уақытта әскери қызметін өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшілердің отбасыларына;

      9) үйлеріне барып әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелерінің қызметкерлеріне.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Павлодар облысы Ақсу қаласы әкімдігінің 01.06.2022 № 405/4 бірлескен қаулысымен және Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихатының 01.06.2022 № 169/23 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      3. Алып тасталды - Павлодар облысы Ақсу қаласы әкімдігінің 01.06.2022 № 405/4 бірлескен қаулысымен және Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихатының 01.06.2022 № 169/23 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      4. Қаржыландыру көзі болып Ақсу қаласының бюджеті белгіленсін.

      5. Осы бірлескен қаулы мен шешімнің орындалуын бақылау Ақсу қалалық мәслихатының экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      6. Осы бірлескен қаулы мен шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ақсу қаласының әкімі Н. Дүйсимбинов
      Сессия төрағасы А. Горохов
      Қалалық мәслихат хатшысы М. Омарғалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады