Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақтоғай ауданы Жалаулы ауылдық округі әкімінің 31.03.2022 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес және Ақтоғай ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторының 2022 жылғы 18 қаңтардағы № 2-02/18 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:
1. Ақтоғай ауданы Жалаулы ауылдық округінің Шолақсор ауылында ірі қара малда инфекциялық ринотрахеит ауруының анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Жалаулы ауылдық округінің әкімі | А. Медетов |