Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Ақтоғай ауданы Жалаулы ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 27 қаңтардағы № 2 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 2 ақпанда № 26717 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақтоғай ауданы Жалаулы ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 31 наурыздағы № 3 (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақтоғай ауданы Жалаулы ауылдық округі әкімінің 31.03.2022 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес және Ақтоғай ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторының 2022 жылғы 18 қаңтардағы № 2-02/18 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:

      1. Ақтоғай ауданы Жалаулы ауылдық округінің Шолақсор ауылында ірі қара малда инфекциялық ринотрахеит ауруының анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жалаулы ауылдық округінің әкімі А. Медетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады