Шектеу іс-шараларын тоқтату және Ақтоғай ауданы Жалаулы ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 27 қаңтардағы № 2 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Павлодар облысы Ақтоғай ауданы Жалаулы ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 31 наурыздағы № 3 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 8 сәуірде № 27481 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабының 1-тармағына сәйкес және Ақтоғай ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2022 жылғы 16 наурыздағы № 2-02/60 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:

      1. Ақтоғай ауданы Жалаулы ауылдық округінің Шолақсор ауылы аумағында ірі қара малдың инфекциялық ринотрахеит ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық іс-шаралардың жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Ақтоғай ауданы Жалаулы ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 27 қаңтардағы № 2 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26717 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жалаулы ауылдық округінің әкімі А. Медетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады