Ескерту. Күші жойылды Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының 14.11.2023 № 10-10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Ескерту. 01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі - осы шешімнің 2-тармағымен.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 2-10-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 қарашадағы № 787 "Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының аумағында шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерлемелері 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанды қоса алғанда болу құнының 2 (екі) пайызы бекітілсін.
2. Осы шешім 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының хатшысы |
Е. Адильбеков |