Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы бойынша жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету туралы" 2018 жылғы 20 наурыздағы № 20/3 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4638 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 505, 506-баптарына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының мәслихаты ШЕШТІ:";
көрсетілген шешімнің 2-тармағы жойылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жамбыл ауданы мәслихатының хатшысы | Л. Топорова |